Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 1448 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 2 сәуірде № 235-17 болып тіркелді

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

  Шымкент қаласы
әкімдігінің 2025 жылғы
"1" сәуірдегі
№ 1448 қаулысына
қосымша

Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

      1. Осы Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

      Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі бойынша базалық бағасы осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

      Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

      Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

      5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі

      Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Шымкент қаласының аумағында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің құнын
айқындаудың әдістемесіне
қосымша

Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Базалық бағасы, теңге
ҚҚС есебімен

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

Газеттер үшін базалық бағалар

1.

Ақпараттық сипаттағы жаңалықтар, Мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, арнайы репортаж, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылардың түсініктемелері (Bn) республикалық мерзімді басылымдар үшін

см2

364,5

364,5

364,5

2.

Ақпараттық сипаттағы жаңалықтар, Мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, арнайы репортаж, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылардың түсініктемелері (Bn) өңірлік деңгейдегі мерзімді басылымдар үшін

см2

216

216

216

Журналдар үшін базалық бағалар

3.

Ақпараттық-талдамалық (репортаж, сұхбат, әңгімелесу, мақала, корреспонденция, рецензия, шолу), көркем-публицистикалық (эссе, очерк, фельетон, памфлет) (Bm)

см2

410

410

410

Интернет-басылымдар үшін базалық бағалар

4.

Жаңалық хабарламасы (Bi) республикалық интернет-басылымдар үшін

таңба

90

90

90

5.

Шолу мақаласы (Bi) республикалық интернет-басылымдар үшін

таңба

92

92

92

6.

Журналистік зерттеу (Bi) республикалық интернет-басылымдар үшін

таңба

94

94

94

7.

Жаңалық хабарламасы (Bi) өңірлік интернет-басылымдар үшін

таңба

6,5

6,5

6,5

8.

Шолу мақаласы (Bi) өңірлік интернет-басылымдар үшін

таңба

6,7

6,7

6,7

9.

Журналистік зерттеу (Bi) өңірлік интернет-басылымдар үшін

таңба

6,9

6,9

6,9

Телевидение және радио үшін базалық бағалар

Телевизиялық арналарға арналған ақпараттық материалдар

10.

Ақпараттық материал (жаңалық сюжеттерін) республикалық телеарналар үшін (Btv)

минут

363 537

363 537

363 537

11.

Ақпараттық материал (жаңалық сюжеттерін) Шымкент қаласы аумағында таратылатын телеарналар үшін (Btv)

минут

9 464

9 464

9 464

12.

Ток-шоу (Btv) Шымкент қаласы аумағында таратылатын телеарналар үшін

минут

27 220

27 220

27 220

13.

Ақпараттық-талдамалық (танымдық бағдарламалар) телебағдарлама (Btv) Шымкент қаласы аумағында таратылатын телеарналар үшін

минут

18 658

18 658

18 658

14.

Ақпараттық материалды (телевизиялық бағдарламаларды) телебағдарлама (Btv) Шымкент қаласы аумағында таратылатын телеарналар үшін

минут

19 144

19 144

19 144

15.

Телеарналарда ақпараттық материалды (реалити-шоу) телебағдарлама (Btv) Шымкент қаласы аумағында таратылатын телеарналар үшін

минут

25 868

25 868

25 868

16.

Деректі фильмдер (Btv) әзірлеу және орналастыру Шымкент қаласы аумағында таратылатын телеарналар үшін

минут

43 264

43 264

43 264

17.

Сурдоаударма бойынша көрсетілетін қызметтер (Btv)

минут

13 750

13 750

13 750

Бейнероликтер

18.

Түсірілімсіз ақпараттық (Btv)

секунд

6 302

6 302

6 302

19.

Деректі түсіріліммен ақпараттық (Btv)

секунд

6 302

6 302

6 302

Анимация

20.

Анимациялық 3D (Btv)

секунд

17 584

17 584

17 584

Радио үшін материалдар

21.

Аудиоролик (Br)

секунд

583

583

583

22.

Ақпараттық сипаттағы жаңалықтар (Br)

секунд

209

209

209


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады