Ақсуат ауданы әкiмiнiң 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 "Ақсуат ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 1 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 11 сәуірде № 436-18 болып тіркелді

      Ақсуат ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақсуат ауданы әкiмiнiң 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 "Ақсуат ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31551 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 186 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 186 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Екпін ауылы, Молдабай көшесі 33, Екпін ауылдық клубы "Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Екпін ауылының аумағы".

      № 191 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 191 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Сатпаев ауылы, Ботай көшесі 4, Сатпаев ауылдық клубы "Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Сатпаев ауылының аумағы".

      № 194 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 194 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Ырғызбай ауылы, Б. Сәрсенов көшесі 12/в, Ырғызбай ауылдық клубы "Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Сайлау учаскесінің шекаралары: Ырғызбай ауылының аумағы".

      № 195 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 195 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Кіндікті ауылы, Кенжалы би көшесі 22, Кіндікті ауылдық клубы "Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Кіндікті ауылының аумағы".

      № 197 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 197 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Үштөбе ауылы, Шәкіби көшесі 79, Үштөбе ауылдық клубы "Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Үштөбе ауылының аумағы".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауданы әкімінің м.а
      Е. Ескендиров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Аксуат аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады