Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бектіу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкпекті ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. "Абай облысы Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданының әкімі | |
А. Кожанбаев |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 21 Қаулысына қосымша |
Көкпекті ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Нақты орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 | Көкпекті ауылдық округі, Көкпекті ауылы, Авдеева көшесі 38 "Градус" дүкенінен 10 метр. | 500 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | "Градус" дүкені, Авдеева көшесі 38 |
2 | Теректі ауылдық округі, Теректі ауылы, Бірлік көшесі 17а "Дана" дүкенінен 5 метр. | 12 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | "Дана" дүкені, Бірлік көшесі 17а |
3 | Бигаш ауылдық округі, Бигаш ауылы, Цепура көшесі 7 "Раушан" дүкенінен 200 метр. | 40 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | "Раушан" дүкені, Цепура көшесі 7 |
4 | Тассай ауылдық округі, Тассай ауылы, Төлгенова көшесі 20 "Жайдары" дүкенінен 100 метр. | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | "Жайдары" дүкені, Төлегенова көшесі 20 |
5 | Үлкенбөкен ауылдық округі, Үлкенбөкен ауылы, мектеп ғимаратына қарама-қарсы, Желтоқсан көшесі 4 мектептен 70 метр. | 100 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | Мектеп ғимаратына қарама-қарсы, Желтоқсан көшесі 4 |
6 | Көкжайық ауылдық округі, Көкжайық ауылы, Саяхимова көшесі 30 "Айя" дүкенінен 100 метр. | 140 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | "Айя" дүкеніне қарама-қарсы Саяхимова көшесі 30 |
7 | Үлгілімалшы ауылдық округі, Үлгілімалшы ауылы, мәдениет үйі ғимаратының жанында, Жамбыл көшесі 17 мәдениет үйінен 5 метр. | 500 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Жамбыл көшесі 17 |
8 | Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі, Преображенка ауылы, "Қазпошта" АҚ ғимаратына іргелес аумақта, Абай көшесі 28 В, пошта бөлімшесі ғимаратынан 5 метр. | 15 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | Абай көшесі 28 В, "Қазпошта" АҚ ғимаратына іргелес аумақта |
9 | Шұғылбай ауылдық округі, Шұғылбай ауылы, мәдениет үйі ғимаратының қасында, Уалиханов көшесі 11, мәдениет үйінің ғимаратынан 15 метр. | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларды сату) | Мәдениет үйінің жанында, Уалиханов көшесі 11 |