Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мақаншы ауданы мәслихатының "Мақаншы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2024 жылғы 8 қарашадағы № 13-83/VIIІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 370-18 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
Б. Биболов |