Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-68 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188604 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 509 (бес жүз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
2) Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысу барысында жарақат алған немесе мертіккен жұмысшылар мен қызметшiлер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет.
3) Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер:
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет.
4) Еңбек ардагерлері:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет.
5) Басқа да адамдар:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):
әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын;
7) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен осы мекенжайда тұрақты тұратын және тіркелген азаматтарға (отбасыларға) не оның мүлкіне зиян келтірген жағдайда, үш айдан кешіктірмей, жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
8) мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға) жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынып - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;
9) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа кірісі өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш, бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде, жылына бір рет;
10) жан басына шаққандағы орташа кірісі облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар отбасыларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;
11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдеріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен еріп жүретін адамдарға санаторлық-курорттық емдеуге жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, жылына бір рет санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;
12) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кірісін есепке алмай 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
13) Қазақстан Республикасының Конституция күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет.";
мынадай мазмұндағы 7.1-тармақпен толықтырылсын:
"7.1. Жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу:
1) осы қағиданың 7-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға;
2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған тұлғаларға.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |