Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы "Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" № 505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 84 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 3 наурызда № 276-19 болып тіркелді

      Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы "Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" № 505 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 159537 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулының кiрiспе бөлiгінде (кiрiспесінде):

      "бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына" сөз тіркесі "бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген)" сөз тіркестерімен ауыстырылсын;

      Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Сабырбаев

  2025 жылғы 28 ақпандағы № 84
  Қаулысына қосымша

Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, (жыл)

1

Қапал ауылы, Аль- Фараби және М.Алыбаев көшелерінің қиылысында (оң жағында "Алатау" дүкені орналасқан)

90

"Алатау" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5

2

Қызылағаш ауылы,
Жібек жолы көшесі №2А,

1120

жоқ

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5

3

Қызылағаш ауылы, Жібек жолы көшесі №54, Қызылағаш су тасқыны құрбандарына арналған ескерткіштің сол жағында

2400

"Ырыс" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5

4

Көлтабан ауылы, Тас жол көшесі, намазхана ғимаратының оң жағында

968

жоқ

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады