2025 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 407/18 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 наурызда № 6739-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2025 жылға туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады