Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 6/63 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 22/200 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 7 сәуірде № 6747-09 болып тіркелді

      Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы №6/63 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6529-09 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Жылына 1 рет әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің және атаулы күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою күні;

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 6 шілде – Астана күні;

      8) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

      9) 25 қазан – Республика күні;

      10) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.";

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;";

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) 6 шілде – Астана күніне орай:

      Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 маусымдағы №41/01 "Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің тамақтануы үшін шығыстарды өтеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6435-09 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасыларды қоспағанда, Шет ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқитын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылары - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында уәкілетті орган бекіткен ата-аналық төлем құнының 50%;";

      7-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

      Қаулыға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасыларды қоспағанда, Шет ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқитын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылары - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында уәкілетті орган бекіткен ата-аналық төлем құнының 50%.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға;

      Әлеуметтік көмектің мөлшері 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш Мемлекеттік корпорациясы филиалы жылына бір рет қараша айында жылыту маусымында ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, кірістер есепке алынбай көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет аудандық мәслихатының төрағасы С. Социал

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады