"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбелерін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 403 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 77 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 ақпанда № 8594-11 болып тіркелді

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбелерін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 403 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5505 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасындағы:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (меңгерушісі): медициналық бөлімшесінің, дәріхананың, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың Мансап орталығының басшысы.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облыстық
мәслихатымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады