"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | А. Ибраимов |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 5 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жалағаш ауданының ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 120 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6351 болып тіркелген).
2. "Жалағаш ауданының ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8446-11 болып тіркелген).
3. "Жалағаш ауданының ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 120 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8499-11 болып тіркелген).