Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/155 "Бейнеу ауылы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 18/202 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 4 ақпандағы № 4764-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейнеу ауылы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/155 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29391 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейнеу ауданының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы";

      1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.";

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге  қосымшаға  сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2025 жылғы 30 қаңтардағы
  № 18/202 шешіміне қосымша
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2022 жылғы 24 тамыздағы
  № 13/155 шешіміне қосымша

Бейнеу ауданының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

1

"Бейнеу – Боранқұл – Бейнеу"

ауданішілік

2

"Бейнеу – Ақжігіт – Бейнеу"

ауданішілік

3

"Бейнеу – Тәжен – Бейнеу"

ауданішілік

4

"Бейнеу – Есет –Бейнеу"

ауданішілік

5

"Бейнеу – Сыңғырлау – Бейнеу"

ауданішілік

6

"Бейнеу – Төлеп – Бейнеу"

ауданішілік

7

"Бейнеу – Сарға – Бейнеу"

ауданішілік

8

№1 "Ағния" базары - "Нұрила" дүкені

ауылдық

9

№2 "Ағния" базары - "Азамат" дүкені

ауылдық

10

№3 "Ағния" базары – Бекес Дәрментайұлы атындағы көшесі

ауылдық

11

№4 "Ағния" базары – Әбілхайыр хан атындағы көшесі

ауылдық

12

№5 "Ағния" базары - Қаржаубай Жылқыбаев атындағы көшесі

ауылдық

13

№7 "Ағния" базары – Қалнияз ақын атындағы көшесі

ауылдық


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады