Мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 мамырда № 10467-10 болып тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27716 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы М. Жутаев

  Мәслихаттың
  2025 жылғы 6 мамырдағы
  № 219 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2022 жылғы 20 сәуірдегі
  № 172 шешіміне
  қосымша

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Реті бойынша номір

Арнайы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1 000 текше метр

221,4

2

Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1 000 текше метр

631,6

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1 000 текше метр

174,2

4

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1 000 текше метр

174,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады