Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" 2023 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10049 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:
1) қалалық қатынаста жол жүру үшін интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғылары арқылы төлем төлеуді қоса алғанда, электрондық төлем жүйесі арқылы төлем төлеу кезінде - 100 (бір жүз) теңге мөлшерінде, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде;
2) қала маңы қатынасында интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - белгіленген тарифке бір километр үшін 12 (он екі) теңге, қолма – қол ақшамен төлеу кезінде-бір километр үшін 18 (он сегіз) теңге.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласы әкімі | В. Ионенко |