"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф белгіленсін:
қалалық қатынаста жол жүру үшін интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғылары арқылы төлем төлеуді қоса алғанда, электрондық төлем жүйесі арқылы төлем төлеу кезінде барлық маршруттар үшін бірыңғай - 100 (бір жүз) теңге мөлшерінде, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласы әкімі | В. Ионенко |
Рудный | |
қаласы әкімдігінің | |
2023 жылғы 18 тамыздағы | |
№ 785 қаулысына | |
қосымша |
Рудный қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6485 болып тіркелген).
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Әкімдіктің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 "Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 1179 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8659 болып тіркелген).
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 "Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 487 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27751 болып тіркелген).