Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 "Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 229 және Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 211 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 2 сәуірде № 10414-10 болып тіркелді

      Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 "Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10038 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2, 2-1-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      5) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

      6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

      7) жеті жасқа дейінгі балаларға, олар егер бөлек орын алмаса.

      2. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнынан 10 теңгеге кем мөлшерде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

      2-1. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға;

      2) 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға.".

      2. Осы Рудный қаласы әкімдігінің және Рудный қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімі В. Ионенко
      Қалалық мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Ж. Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады