Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 және Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 10038 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарына;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      5) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

      6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

      2. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнынан 10 теңгеге кем мөлшерде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

      2-1. Рудный қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікті жол жүру белгіленсін:

      1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар;

      2) 15 пен 18 жас аралығындағы адамдар.

      Ескерту. Бірлескен қаулысы және шешімі 2-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 31.05.2024 № 460 және Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 31.05.2024 № 141 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы бірлескен Рудный қаласы әкімдігінің қаулыcы мен Рудный қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімі В. Ионенко
      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады