Мәслихаттың 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 "Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 129 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 наурызда № 10398-10 болып тіркелді

      Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10262-10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттікке байланысты) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталына жүгінеді.

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген.".

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Мусапирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады