Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8411 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
ұсынылған қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамассыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | А. Сартов |
Алтынсарин аудан әкімдігінің | |
2025 жылғы 25 сәуірдегі | |
№ 53 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіқтің | |
2019 жылғы 18 cәуірдегі | |
№ 49 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
4) кітапхана меңгерушісі;
5) аккомпаниатор;
6) библиограф;
7) кітапханашы;
8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) музыкалық жетекші;
11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
12) хореограф;
13) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
14) барлық мамандықтар мұғалімдері;
15) әдістемелік кабинет меңгерушісі.