Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 49 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 8411 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 25.04.2025 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2025 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 25.04.2025 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2025 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      2. Алтынсарин ауданы келесі қаулыларының:

      Алтынсарин ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерінің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 қаулысы (2016 жылғы 24 маусымда "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 болып тіркелген);

      Алтынсарин ауданы әкімдігінің "Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерінің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 маусымдағы № 156 қаулысы (2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7109 болып тіркелген) күштері жойылған деп танылсын.

      3. "Алтынсарин ауданының әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) әділет органында осы қаулының аумақтық мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіқтің
  2019 жылғы 18 cәуірдегі
  № 49 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 25.04.2025 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2025 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;

      3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      4) кітапхана меңгерушісі;

      5) аккомпаниатор;

      6) библиограф;

      7) кітапханашы;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      10) музыкалық жетекші;

      11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      12) хореограф;

      13) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      14) барлық мамандықтар мұғалімдері;

      15) әдістемелік кабинет меңгерушісі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады