"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2017 жылғы 4 мамырдағы № 243 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7064 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | О. Нургалиев |