"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының 27 - бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй - жай беру туралы" 2015 жылғы 20 қарашадағы № 228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6070 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі | М. Журкабаев |