Павлодар облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 ақпандағы № 55/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 ақпанда № 7638-14 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Масс-медиа туралы" Заңының 8-бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ақпарат, мәдениет министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 525-НҚ бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәй кес Павлодар облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы С. Батыргужинов

  Павлодар облысы
әкімідігінің 2025 жылғы
20 ақпандағы № 55/1 қаулысына
қосымша

Павлодар облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін
сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Павлодар облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

      Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

      Әрбір бірыңғай қызметтің негізгі базалық бағасын жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

      Қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағалардың баға ұсыныстарын жинау және қосымшаға сәйкес ең төмен ұсынылған құнды анықтау арқылы анықталады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

      Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілет

      ін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

      Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

      5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі

      Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Павлодар облысының
аумағында мемлекеттік
ақпараттық саясатты
жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру үшін
сатып алынатын қызметтердің
құнын айқындау әдістемесіне
қосымша

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалардың құны

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Облыстың, қалалар мен аудандардың атауы

Бағасы
(теңге)

1

2

3

4

7

1

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) қызмет көрсету (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

650

2

Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) қызмет көрсету (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

210

3

Қала мен аудандар аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) қызмет көрсету (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Қала/ аудандар

130

4

Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) қызмет көрсету (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

102,72

5

Республикалық маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурстарда қызмет көрсету (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

символ

Павлодар облысы

170

6

Өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурстарда қызмет көрсету (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

символ

Павлодар облысы

38

7

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде (сюжеттер) қызмет көрсету (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

Павлодар облысы

350 000

8

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Павлодар облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар, видеороликтер) қызмет көрсету (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

Павлодар облысы

21994,87

9

Павлодар облысының аумағында радиода ақпараттық бағдарламалар әзірлеу қазмет көрсету (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

Павлодар облысы

13 000

10

Павлодар облысының аумағында аудиороликтерді радиода әзірлеу (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Br)

секунд

Павлодар облысы

248


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады