Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 24 ақпанда № 7639-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы "Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" № 343/6 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 116073 болып тіркелген).

      3. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.К. Жамбайбекке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы С. Батыргужинов

  Павлодар облысы
әкімідігінің 2025 жылғы
21 ақпандағы № 58/1 қаулысына
қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың
ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық
кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке
дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда,
облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін тиісті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:

3 000 000 теңгеге дейін таза кіріс

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

3 000 001 теңгеден бастап
50 000 000 теңгеге дейін таза кіріс

150 000 теңге + 3 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 10 пайызы

50 000 001 теңгеден бастап 250 000 000 теңгеге дейін таза кіріс

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 15 пайызы

250 000 001 теңгеден бастап
500 000 000 теңгеге дейін таза кіріс

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 25 пайызы

500 000 001 теңгеден бастап
1 000 000 000 теңгеге дейін таза кіріс

97 350 000 тенге + 500 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 30 пайызы

1 000 000 001 теңгеден бастап және
одан жоғары таза кіріс

247 350 000 тенге + 1 000 000 000 теңге көлемінде таза кірістен асатын соманың 50 пайызы

      2. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады