"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелді) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Г. Нурмухамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі"
республикалық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің | |
2025 жылғы 21 ақпандағы | |
№ 42 қаулысына | |
қосымша |
2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидия сомасы, (мың теңге) |
1 | Балық өсіру материалын сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар: | |||
1.1 | Ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер) | дана | 60 707 000 | 15 176,75 |
1.2 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер) | дана | 7 050 000 | 211,5 |
1.3 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ, 30 грамға дейін) | дана | 30 700 | 230,25 |
2 | Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар | дана | 3 | 67,5 |
3 | Азық сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар: | |||
3.1 | Ақсерке тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 6000 | 1944 |
3.2 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азықтары үшін) | килограмм | 18800 | 2368,8 |
Жиыны | 19 998,8 |