"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 18-бабы 22-тармағына, "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі мына объектілер мен белгіленген пункттермен кеңейтілсін:
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдері;
қосымша білім беру объектілері;
мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін ұйымдар.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында инватакси қызметін алушылар санаттары мына тұлғалар санатымен кеңейтілсін:
бірінші, екінші топ мүгедектігі бар адамдар;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың барлық топтары.
3. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі | С. Мухамедиев |