Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Қызмет алушының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі немесе Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Қызмет алушы тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат төрағасы | А. Бердагулов |