Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№ 95 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"№ 95 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Аралағаш ауылы, Серғазы Нұрахметов көшесі, № 24 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық клубының ғимараты;
шекаралары: Аралағаш ауылы, Амангелді ауылы.".
№ 98 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"№ 98 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Власовка ауылы, Садовая көшесі, № 15 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
шекаралары: Власовка ауылы, Безлесное ауылы.".
№ 105 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"№ 105 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Ивановка ауылы, 9 май көшесі, № 7 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Ивановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
шекаралары: Ивановка ауылы.".
№ 112 сайлау учаскесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"№ 112 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Полтавка ауылы, Молодежная көшесі, № 20 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
шекаралары: Полтавка ауылы, Борки ауылы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі | Ж. Құсайын |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аққайың аумақтық сайлау
комиссиясы