Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7291 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
""Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
бекітілген Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары";
бекітілген Қағидалардың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларі (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзгеде нормативтік құқықтық актілермен Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.";
бекітілген Қағидалардың 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);";
бекітілген Қағидалардың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидалар Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталмаған, көппәтерлі тұрғын үйлерге реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеуді ұйымдастыруға және жүргізуге таратылмайды.";
бекітілген Қағидалардың 2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі";
бекітілген Қағидалардың 7, 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сәулет бөлімімен бекітілген Мамлютка қаласының бірыңғай сәулеттік келбетінің негізінде Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін, сыртқы қабырғаларға және (немесе) шатырларға реконструкциялауды, ағымдағы немесе күрделі жөндеуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің Тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) айқындалады.
8. Сәулет бөлімімен Тізбе негізінде мынадай жұмыстар ұйымдастырылады:
1) Мамлютка қаласының бірыңғай сәулеттік келбетінің жобасымен бекіте отырып, көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін таныстыру;
2) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтер және тұрғын емес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін жоспарланған жұмыстар және оларды жүргізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын және (немесе) шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім беру немесе келіспеу, сондай-ақ үйдің сыртқы қабырғаларында немесе шатырында жарнама конструкцияларын араластыру туралы шешім қабылдай отырып, көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлері және тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу.";
бекітілген Қағидалардың 3-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі";
бекітілген Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Үйдің техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі жергілікті бюджет қаражаты есебінен реконструкциялау, күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, кейіннен тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын алады немесе ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
13. Реконструкциялау, күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жобалағанда және ағымдағы жөндеудің сметалық есептеуін құрастырғанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет.
14. Тиісті сараптамадан немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын және (немесе) шатырларын ағымдағы жөндеудің сметалық құнынан өткен реконструкциялау, күрделі жөндеу жобалары бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды және ұсынады.
15. Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын ағымдағы немесе реконструкциялау, күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісімен іске асырылады.
16. Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын ағымдағы немесе реконструкциялау, күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдау техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, кондоминиум объектісін басқару органымен бірлесіп, бюджеттік бағдарлама әкімшісімен жүзеге асырады.
17. Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын ағымдағы немесе реконструкциялау, күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі |
Е. Степаненко |