Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 245 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31519 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар):
бекітілген Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары";
бекітілген Қағидалардың 1 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2 – тармағының 11 тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 31 – бабы 1 – тармағының 16 – 5) тармақшасымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.";
бекітілген Қағидалардың 2 – тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – кондоминиум объектісінің бөліктері (сыртқы қабырғалар, кіреберістер, вестибюльдер, залдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және басқалар жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және телекоммуникациялық жабдықтардан басқа), ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын;";
бекітілген Қағидалардың 2 – тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2 – тарау. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі";
бекітілген Қағидалардың 3 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.";
бекітілген Қағидалардың 5 – тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының шатырдың реконструкциялануына келісім беру немесе келіспеу, туралы шешім қабылдаумен, көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері және тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелерінің (олар болған жағыдайда) жиналысын ұйымдастыру және өткізу.";
бекітілген Қағидалардың 7 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жиналыста теріс шешім қабылдаған жағдайда көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, жөніндегі бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жұмыстар жүргізілмейді.";
бекітілген Қағидалардың 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жиналыс оң шешім қабылдаған жағыдайда бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыстар көлемін, жөндеу түрін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау және олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының, шатырлардың техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.";
бекітілген Қағидалардың 3 – тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3 – тарау. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі";
бекітілген Қағидалардың 9 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жұмыс көлемін, жөндеу үлгісін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының, шатырлардың техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі ұйымды таңдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";
бекітілген Қағидалардың 10 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының, шатырлардың техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша Бөлім жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын ала отырып, бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған сыртқы қабырғаларды, шатырды күрделі жөндеуге ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.";
бекітілген Қағидалардың 11 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және ағымдағы жөндеудің сметалық құнын немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасын бекіткеннен кейін Бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.";
бекітілген Қағидалардың 12 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды Бөлім мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.";
бекітілген Қағидалардың 13 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бөлім біріңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, жүзеге асырады.";
бекітілген Қағидалардың 14 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс – шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі | К. Омаров |