"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Н. Кушеров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2025 жылғы 10 ақпандағы № 28 қаулысына қосымша |
Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өлшем бірлігі тонна, гектар | Субсидия нормалары, теңге |
1 | Дәндік жүгері | тонна | 10 000 |
2 | Мақсары | тонна | 10 000 |
3 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 8 148 120,0 |
4 | Фермерлік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 4 858 142,0 |