"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына және "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген), Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Н. Кушеров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 49 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту үшін субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялардың бекітілген шекті сомасы, теңге | Субсидиялар сомасы, теңге |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | ||||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары | килограмм | 4 494 528,2 | 105 (отандық өндірістің азығы үшін) | 471 925 466,0 |
1.2 | Жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары | 92 400 | 210 | 19 404 000,0 | |
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | ||||
2.1 | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 грамға дейін) | дана | 470 000 | 15 | 7 050 000,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 грамға дейін) | дана | 30 000 | 25 | 750 000,0 |
3. | Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алу шығыстарын субсидиялау | дана | 4 | 500 000 | 870 534,0 |
Барлығы: | 500 000 000,0 |