"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арыс қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Арыс қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Арыс қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 180 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 13 мамырда № 5613 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласының әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
К. Манкараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Арыс қалалық аумақтық
сайлау комиссиясымен
2025 жылғы 4 сәуірдегі № 197 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар | Стендтер саны |
1. | Арыс қаласы | Арыс қаласы, Әл-Фараби және Ергөбек көшелерінің қиылысы, Ергөбек мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд | 3 |
Арыс қаласы, Төле би және Майлы қожа көшелерінің қиылысы, "Кал-тел" сауда үйінің жанындағы стенд | |||
Арыс қаласы, Ергөбек көшесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Арыс қалалық бөлімінің алдындағы стенд | |||
2. | Ақдала ауылы | Ақдала ауылы, Амангелді көшесі мен Арыс-Дермене тасжолының қиылысы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Арыс қалалық желілік техникалық учаскесінің автоматты телефон станциясы жанындағы стенд | 1 |
3. | Байырқұм ауылы | Байырқұм ауылы, Ш.Жұмабеков көшесіндегі аялдама жанында орналасқан стенд | 1 |
4. | Дермене ауылы | Дермене ауылы, Ш.Уалиханов көшесіндегі аялдама жанында орналасқан стенд | 1 |
5. | Жиделі ауылы | Жиделі ауылы, Орталық және Амангелді көшелерінің қиылысы, Арыс қаласы "Жиделі ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд | 1 |
6. | Қожатоғай ауылы | Қожатоғай ауылы, Майлықожа және Ә.Елекеев көшелерінің қиылысы, "Сария" дүкенінің жанындағы стенд | 1 |
7. | Монтайтас ауылы | Монтайтас ауылы, Б.Онтаев және А.Құнанбаев көшелерінің қиылысы, жеке кәсіпкер "Назаров Нұрғали" дүкенінің жанындағы стенд | 1 |