Кентау қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 59 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 173 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 10 ақпанда № 6658-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша тегін жол жүру белгіленсін:

      1) І-топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде көру қабілеті бойынша және еріп жүру сәтінде еріп жүретін адамдарға;

      2) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған, немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ - дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

      2. Қаржыландыру көзі болып Кентау қаласының бюджеті белгіленсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Кентау қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және Кентау қаласы әкімінің тиісті сала бойынша орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов
      Кентау қалалық мәслихатының төрағасы К. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады