Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, орнату, олардың жұмыс істеуі және оларды демонтаждау тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 210 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 25 сәуірде № 6690-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 31, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағы 23-тармақшасына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидалары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес және стационарлық емес сауда объектілерін орнату, жұмыс істеуі және оларды демонтаждау тәртібі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ә. Пазылбекұлы

  2025 жылғы 24 сәуірдегі
№ 210 қаулысымен бекітілген

Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидалары

      1. Осы Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағының 23-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына сәйкес әзірленді және Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) кәсіпкерлік субъектісі – бұл жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      2) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне, оның ішінде, автоматтандырылған құрылғыға немесе көлік құралына (бұдан әрі – "стационарлық емес сауда объектісі", "ССО") қосылған немесе қосылмағанына (технологиялық қосылу) қарамастан, жермен тығыз байланысы жоқ уақытша құрылым немесе уақытша құрылғы;

      3) нобай (нобайлық жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, әшекейлiк немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi;

      4) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;

      5) сәулеттік келбет – бұл тұтас эстетикалық сәулет, жайлы, қол жетімді және қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған қалалық кеңістік элементтерінің міндетті көрнекі құрамдас бөлігін: ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін, көркейтуді, маңдайшаларды, көрсеткіштерді, шағын сәулеттік нысандар мен қала инфрақұрылымының басқа да элементтерін реттейтін ұсынымдар жиынтығы;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – бұл Түркістан қаласының аумағында жер қатынастары мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.

      3. Стационарлық емес сауда объектілері.

      1. Стационарлық емес сауда объектілеріне мыналар жатады:

      1) автодүкен;

      2) автомат (сауда автоматы);

      3) дүңгіршек;

      4) жылжымалы сөре;

      5) шатыр (павильон).

      Стационарлық емес сауда объектілеріндегі сауда Қазақстан Республикасының ҚР СТ 3675 "Сауда қызметтері. Шағын бөлшек сауда желілері объектілеріне қойылатын жалпы талаптар".

      4. Автокөлік дүңгіршектері арқылы тауарларды өткізу кезінде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10056 болып тіркелген) (бұдан әрі – №862 бұйрық) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәлікте белгісі болуы тиіс.

      5. Автокөлік дүкендері (мамандандырылған автомобильдер) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №329 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11333 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жәрмеңкелерде сауда жасау үшін көрсетілген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен міндетті техникалық байқаудан өту шартымен пайдаланылады.

      6. Тамақ өнімдерін тасымалдау және (немесе) сақтау жағдайларын ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін тасымалдаудың қажетті температурасын ұстап тұратын жабдықпен және ішкі беті тазалауға, жууға және дезинфекциялауға ұшырайтын, ластану, жануарлардың, соның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуі, тамақ өнімдерін тамақ өнімдерінен қорғауды қамтамасыз ететін жуу және уытты емес материалдардан жасалған температуралық режимдердің тиісті параметрлерін өлшеудің бақылау құралдарымен жарақтандырылған көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланылады.

      7. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

  2025 жылғы 24 сәуірдегі
№ 210 қаулысымен бекітілген

Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес және стационарлық емес сауда объектілерін орнату, жұмыс істеуі және оларды демонтаждау тәртібі

      1. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру құқығын кәсіпкерлік субъектісі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган өткізетін сауда-саттықты (аукционды) өткізу нәтижелері бойынша жер учаскесін жалға алу құқығына арналған шарттың негізінде алады.

      2. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы №297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24803 болып тіркелген) сәйкес сауда-саттықты (аукционды) өткізеді.

      3. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату орындарын айқындау кезінде олардың нақты орналасқан жері, өзіне алған аумағы, кемінде бір жылды және бес жылдан аспайтын кезеңді құрайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жақын маңдағы инфрақұрылымды (тауарлардың ұқсас түрлері сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері) ескере отырып, қызмет саласы көрсетіледі.

      4. Стационарлық емес сауда объектісінің қызмет түрін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша оның меншік иесі айқындайды.

      5. Кәсіпкерлік субъектісі стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде:

      1) жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысын (жаяу жолдардың жаяу жүргіншілері бөлігінің ені кемінде 1,5 метр), мүгедектігі бар тұлғалар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасауды;

      2) өрт сөндіру бөлімшелерінің, авариялық-құтқару техникасының қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарға кедергісіз кіруін қарастыру қажет.

      6. Қоғамдық тамақтану саласындағы стационарлық емес сауда объектісінің орналасқан жерінен инженерлік желілерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау) қосылу нүктесіне дейінгі арақашықтық 20 метрден аспауы тиіс.

      7. Түріне қарай стационарлық емес сауда объектісінің нобайлық жобасы жергілікті жердің сәулеттік-көркемдік келбетін, қасбеттердің түстік шешімі мен объект стилистикасының эстетикалық сипаттамаларын (пайдаланылатын жабдықтың түрі, оның нысаны параметрі (өлшемі), пропорциясы, ауқымы) сақтай отырып, сондай-ақ айналадағы құрылыстардың сәулеттік-қала құрылысының шешімі бойынша әзірленеді.

      8. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде кәсіпкерлік субъектісі объектінің орналасқан жерін, техникалық параметрлері мен сипаттамаларын, жақын маңдағы инженерлік желілерге дейінгі қашықтығын, инженерлік желілерге қосылуға жасалатын тиісті жағдайларын, дербестікті ескере отырып, технологиялық мүмкіндік болған жағдайда, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне, кәрізге, су құбырына және электр желілеріне қосылуы қажет.

      9. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде кәсіпкерлік субъектісінің маңдайшасы болу қажет.

      10. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату тәртібі бойынша осы Қағидалармен реттелмелмейтін өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен регламенттеледі.

      11. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлуді жергілікті атқарушы органдар жүргізеді және ішкі сауда субъектілерінің өтінімдері бойынша конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады.

      Бірінші кезеңде жергілікті атқарушы орган ішкі сауда субъектілерінің өтінімдерін конкурс шарттарына сәйкестік өлшемшарттарымен қабылдау туралы хабарлайды:

      1) нақты орналасқан стационарлық емес сауда объектілерін орналастырудың бекітілген орындары және (немесе) маршруттары;

      2) маршрут сызбасы;

      3) алып жатқан алаң;

      4) кемінде бір жыл және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі;

      5) жақын маңдағы инфрақұрылымды ескере отырып қызмет саласы (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері);

      6) өтінімдерді қабылдау мерзімі.

      12. Конкурстың шарттарын, өтінімдерді қабылдауды, бөлінетін орындардың санын, орналасқан жерін, маршруттарын, бөлінетін алаңын, орналастыру кезеңін жергілікті атқарушы органдар конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей өздерінің ресми сайттарында жариялайды.

      13. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс шарттарына сәйкестігін қарайды. Конкурс шарттарына сәйкес келмейтін өтінімдер екінші кезеңге жіберілмейді.

      14. Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша екінші кезеңге жіберілген ішкі сауда субъектісіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі.

      15. Екінші кезеңге жіберілмеген ішкі сауда субъектісіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібермеудің нақты себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі. Екінші кезеңге жіберілмеген ішкі сауда субъектілері 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілмеу себебін жойғаннан соң конкурсқа қатысуға өтінімді қайта жібере алады. Қайта өтінімді жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурс шарттарының сәйкестігіне қарайды.

      16. Өтінім конкурс шарттарына сәйкес келген жағдайда ішкі сауда субъектісі екінші кезеңге жіберіледі. Қайта сәйкес келмеген жағдайда ішкі сауда субъектісі конкурсқа қатысуға одан әрі өтінім беру құқығынсыз екінші кезеңге жіберілмейді.

      17. Екінші кезеңде жергілікті атқарушы органның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы №297 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24803 болып тіркелген) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын электрондық түрде сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес сауда-саттықты (аукционды) өткізеді.

      18. Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындардан тыс жерлерде бөлшек сауданы жүзеге асыруға, желілік маркетинг, қоғамдық дистрибьюторлар жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауданы, пошта арқылы сатуды және тәртібі Премьер-Министр орынбасарының - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы №136-НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27114 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген желілік маркетинг жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда қағидаларына сәйкес реттелетін басқа да тәсілдермен бөлшек сауданы қоспағанда жол берілмейді, сату және басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

      19. Стационарлық емес сауда объектісі қызметінің түрін оның меншік иесі айқындайды.

      20. Ішкі сауда субъектісі стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде мыналарды көздейді:

      1) Жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысы (тротуардың жаяу жүргіншілер бөлігінің ені кемінде 1,5 метр), мүгедектігі бар адамдар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасау, төтенше жағдайлар кезінде арнайы көліктің кедергісіз кіруі;

      2) Өрт сөндіру бөлімшелерінің, апаттық-құтқару техникасының қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарға кедергісіз кіруі.

      21. Түрі бойынша стационарлық емес сауда объектісінің эскиздік жобасы жергілікті жердің архитектуралық-көркемдік келбетін, эстетикалық сипаттамаларын (пайдаланылатын жабдықтың түрі, оның пішіні, параметрлері (өлшемдері), пропорциялары, масштабы) сақтай отырып қасбеттердің колористикалық шешімін және объектінің стилін, сондай-ақ қоршаған құрылыстың сәулет-қала құрылысы шешімін сақтай отырып әзірленеді.

      22. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде ішкі сауда субъектісі объектінің орналасқан жерін, техникалық параметрлері мен сипаттамаларын, жақын маңдағы инженерлік желілерге дейінгі қашықтықты, инженерлік желілерге қосылуға тиісті жағдайларды және/немесе дербестікті ескере отырып технологиялық мүмкіндік болған кезде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, кәріз, су құбыры желілеріне және электр желілеріне қосылуы қажет.

      23. Стационарлық емес сауда объектілеріне конкурс нәтижесімен жеке кәсіпкер келісімшарт негізінде алған жер телімінің мерзімі аяқталған уақытта немесе өзге де жағдайларға орай жеке кәсіпкер өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда орнатылған нысанды демонтаждау жұмыстарын жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен жүргізеді.

      24. Демонтаждау жұмыстарын жеке кәсіпкер бір ай мерзім ішінде жүргізуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады