Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 23 маусымдағы №33-177-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5755 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | М. Касимов |
Жетісай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 26-154-VIII шешіміне қосымша |
|
Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №33-177-VI шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарында – 800 метр;
2) автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр.