Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 болып тіркелген) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Ормандарда ауа райы жағдайлары бойынша жоғары өрт қауіптілігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 12351 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес анықталады.";
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.