Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 282 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 тамызда № 7451 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

      Ормандарда ауа райы жағдайлары бойынша жоғары өрт қауіптілігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 12351 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес анықталады.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) өз құзыреті шегінде:

      1) өрт қауіптілігі сыныбын анықтауды;

      2) жоғары өрт қауіптілігі басталғаны туралы тұрғындарды хабардар етуді;

      3) тұрғындар арасында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

      4) мемлекеттік орман қоры аумағына кіретін жолдарды шлагбаумдармен жабдықтау, аумақтың периметрі бойынша тәулік бойы патрульдеуді ұйымдастыруды;

      5) өртке қарсы іс-шаралар және орман пайдаланушылардың қызметін бақылау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде қосымша нұсқамалар беру жұмыстарын күшейтуді;

      6) өрт-бақылау мұнараларында тәулік бойы кезекшілік орнатуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан
облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
басшысының міндетін атқарушы
_________________ С. Кітапбаев
2020 жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады