"Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/23-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 80 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 20/162-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 17 сәуірде № 9181-16 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/23-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттк тіркеу тізілімінде № 8859-16 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12 және 13-жолдармен толықтырылсын:

    12

Марқакөл

0,20

0,15

1,0

0,30

    13

Үлкен Нарын

0,20

0,20

0,50

0,30

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Н. Сактаганов
      Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады