Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/23-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 маусымда № 8859-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабы 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Бірлескен "Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы № 206 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы № 11/166-III шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2381 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. А. Сматлаев
      Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 мен
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2023 жылғы 31
мамырдағы № 3/23-VIII
бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері

    № р/с

Аудандар мен қалалардың атаулары

Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері, (га)

соның ішінде:

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін

ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда)

суарылмайтын

суармалы

1

2

3

4

5

6

1

Алтай

0,20

0,15

0,50


2

Глубокое

0,20

0,12

0,30


3

Зайсан

0,20

0,15

0,30

0,18

4

Катонқарағай

0,20

0,20

0,50

0,30

5

Күршім

0,20

0,15

1,0

0,30

6

Самар

0,20

0,30

1,0


7

Тарбағатай

0,30

0,20

1,0

0,50

8

Ұлан

0,20

0,15

0,50

0,18

9

Шемонаиха

0,20

0,20

0,50


10

Риддер қаласы

0,20

0,20

0,50


11

Өскемен қаласы

0,16

0,12

0,25



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады