Бәйтерек ауданы әкімінің "Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 334 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің 2025 жылғы 13 наурыздағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 18 наурызда № 7498-07 болып тіркелді

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы әкімінің "Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы №334 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5661 тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 36, 44 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

36

№ 197

Жайық ауылы.

Жайық ауылы, №3 көшесі №20 ғимарат, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Жайық жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      ";

      "

44

№ 205

Садовое ауылы.

Садовое ауылы, Арман көшесі № 2А ғимарат, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Пригород жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі М. Токжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады