Қаратөбе ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 "Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 12 мамырда № 7518-07 болып тіркелді

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе ауданы әкiмiнiң "Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3463 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

№ 270

Аққозы ауылы, Бесоба ауылы, Баекес, Нұржаубаз, Хасан ағашы, Батпаншар қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Бесоба ауылы, Бесоба көшесі, 64 құрылыс, "Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Бесоба ауылдық кітапханасы

      ";

      2. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауданының әкімі К. Суйеугалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қаратөбе аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады