Теректі ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 5 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 қаңтарда № 7488-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теректі ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі ауданының әкімі А. Муханбетжанова

  Теректі ауданының әкімі
2025 жылғы 20 қаңтардағы № 5
қаулысына қосымша

Теректі ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілелірінң нақты орналасу орындары

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Ақжайық ауылдық округі, Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі саябағына қарама-қарсы

24

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"Бақыт" супермаркеті "Ақниет" дүкені "Жайна таттіллері" кафесі

2

Теректі ауылдық округі, Теректі ауылы, Жеңіс көшесі және Абай көшесі қиылысында

48

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"Арзан" дүкені "Мясной" дүкені "Дастан" дүкені "Аяжан" дүкені "Для Вас" дүкені "Мигмаг" дүкені "Мерей" дүкені

3

Подстепное ауылдық округі, Подстепное ауылы, Советская көшесі және Гагарин көшесі қиылысында

15

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"Муха-Мади" кафесі "Актан" кафесі "Транзит" кафесі "Универсам" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады