Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен (2005 жылғы 13 желтоқсандағы "Заң газетінде" N 168(792) жарияланған) .
--------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...
Министр
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің кейбір күші жойылған
бұйрықтарының тізімі
1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Жасы бойынша жеңілдікті жағдайда зейнетақы алуға құқық беретін өндірістердің, жұмыстардың, мамандардың, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 Тізіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы N 24/2 қаулысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі 1995 жылғы 11 қаңтардағы 43 тіркелу нөмірі...
----------------------------------
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қаулы етедi:
Өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне берiлiп отырған толықтырулар мен өзгертулер онда жұмыс iстеуi жасы бойынша жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы алуға құқық беретiн жерасты жұмыстарына, ерекше зиянды және ерекше ауыр жағдайдағы жұмыстарға, сондай-ақ СССР Министрлер Кабинетiнiң 26.01.91 жылғы N 10 қаулысымен бекiтiлген жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз ету туралы N 1 Тiзiм бойынша азаматтық авиацияның жекелеген санаттарына енгiзiлсiн.
Қосымша: 3 парақ.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Еңбек министрiнiң орынбасары халықты әлеуметтiк қорғау
министрiнiң орынбасары
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң орынбасары
Қазақстан Республикасы Еңбек
министрлiгi мен Қазақстан
Республикасы Халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң
1993 жылғы 31 наурыздағы
N 24/2 қаулысына N 1 қосымша
СССР Министрлер Кабинетiнiң 26.01.91 жылғы N 10
қаулысымен бекiтiлген онда жұмыс iстеу жасы
бойынша жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық беретiн
жерасты жұмыстары ерекше зиянды және ерекше ауыр
еңбек жағдайларында өндiрiстердiң, жұмыстардың,
мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң
N 1 Тiзiмiне толықтырулар мен өзгертулер
1. "Көлiк" атты ХХI бөлiмнiң 3-шi бөлiмшесiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
"12003000 - 11217 Бортсерiктерi мен нұсқаушы-бортсерiктер жылына 500 сағаттан кем ұшпаған жағдайда".
2. Аппаратураларды тазалау мен айналысатын тазалаушыларға (2091160а - 19555) "Жалпы мамандықтар" атты ХХIII бөлiм бойынша резервуарлардың, бактердiң, цистерналардың, танктер мен кемелердiң бөлiктерiнiң iшiн, скафандрлармен және газдық қарсы құралдармен жұмыс iстеу кезiнде ұсақтау ағын камераларының iшiн тазалау мен айналысатын жұмысшы ретiнде (12100000 - 1753а) зейнетақы тағайындалады.
3. Мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
II бөлiмнiң I бөлiмшесiне: "Кен алуға дайындық, байыту, бұтақтау (кендердi және емес қазбаларды, агломерациялау, брикеттеу, шымшымдау) шифр 1020200а - 1753 г"
III бөлiмiнiң 1-4 бөлiмшесiне: "Металлургиялық өндiрiс (қара металдар)"
"Көкістiк, көкiстiк емес, термоастрациттiк және көкiстiк химиялық өндiрiс" IV бөлiмiнiң 1, 2 бөлiмшесiне;
"Металлургиялық өндiрiс (түстi металдар) VII бөлiмiнiң 2-6, 10-12, 14-17 бөлiмшелерiне."
Өндiрiс жұмыс iстеп тұрған учаскелерде (жұмыс орындарында) орнатылған құрал-жабдықтарды жөндеумен айналысатын жөндеу қызметiнiң жұмысшылары технологиялық процестi жүргiзетiн негiзгi жұмысшылар секiлдi N 1 Тiзiм бойынша жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етiлу үшiн газбен кесушiлер құқын пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Еңбек
министрлiгi мен Қазақстан
Республикасы халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң
1993 жылғы 31 наруыздағы
N 24/2 қаулысына N 2 қосымша
N 1 Тiзiм бойынша азаматтық авиация қызметкерлерiнiң
жекелеген санаттарына жеңiлдiктi зейнетақымен
қамтамасыз етудi беру туралы
"СССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қаңтардағы N 10 қаулысымен бекiтiлген N 1 Тiзiмiне өзгертулер енгiзу туралы" СССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 23 шiлдедегi N 497 қаулысымен N 1 Тiзiмiнiң "Көлiк" атты ХХI бөлiмi мынадай бөлiмшемен толықтырылды: 3. Азаматтық авиация "12003000 "Мейлiнше қауырт немесе қозғалысы күрделi 12003000-17541 аэропорттардың, аэродромдық-диспетчерлiк, аудандық, қосалқы орталықтарда және олардың секторларында, жергiлiктi диспетчерлiк пункттердiң аймағында әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асыратын қызметкерлер (диспетчерлiк-нұсқаушылар, аға диспетчерлер, ұшулардың жетекшiлерi)"
Мұндай аймақтардың тiзбесiн СССР Еңбек және әлеуметтiк мәселелер министрлiгiнiң келiсуi бойынша СССР Азаматтық авиация министрлiгiне бекiту тапсырылды".
Аймақтардың аталмыш тiзбесi 1991 жылы 26 қыркүйекте бекiтiлдi (Қазақстан Республикасына қатысты бөлiгi берiлiп отыр).
Алайда одақтық құрылымдардың жойылуына байланысты және басқа да белгiлi себептермен орай аталған құжаттар бiздiң министрлiктерге жеткен жоқ.
"Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 1-бабының 3-бөлiгiнде одақтық заңмен белгiленген зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы барлық кепiлдiктердiң сақталуы қарастырылғандықтан, азаматтық авиация қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына N 1 Тiзiм бойынша жеңiлдiктi зейнетақы тағайындау кезiнде осы қаулыны және қосымшаны басшылыққа алуды ұсынамыз.
Бұрынғы СССР-дiң басқа мемлекеттерi бойынша аймақтардың тiзбесiне келер болсақ, олар азаматтық авиацияның жергiлiктi қызметтерiнде бар.
Басқа диспетчетрлер жеңiлдiктi зейнетақыны Зейнетақы туралы республикалық заңның 35 бабының 2-тармағының шартарында пайдаланады.
Қосымша: текст бойынша 1 бет.
Қазақ азаматтық авиация басқармасы бойынша, мейлiнше қауырт немесе қозғалысы күрделi әуе қозғалысын басқаратын аймақтардың, аудандар мен секторлардың тiзбесi:
1. Алматы РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦ1, РЦ2, РЦ3
Алматы аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП
2. Ақтөбе РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦ1, РЦ2, РЦ3
Ақтөбе аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДПI,
МДП2
3. Арқалық аэропорты - ВРЦ, ДПП, МДП
4. Бұрындай аэропорты - МДП
5. Балқаш аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, СДП
6. Гурьев РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Гурьев аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДПI, МДП2
7. Жамбыл аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
8. Жезқазған РЦ ЕС УВД - РЦ
Жезқазған аэропорты - ДПП, ПДП, МДП
9. Қарағанды аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
10. Көкшетау аэропорты - ДПП, ПДП, МДП
11. Қостанай РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI,РЦ2
Қостанай аэропорты - ДПП, МДП
12. Қызылорда аэропорты - ДПП, МДП
Қызылорда РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI,РЦ2
13. Павлодар аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, МДП
14. Петропавлск аэропорты - ВРЦ, ДПП, ПДП, МДП
15. Семей РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Семей аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
16. Талдықорған аэропорты - ДПП, ПДП, СДП, МДП
17. Орал РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Орал аэропорты - ДПП, ПДП, МДП
18. Өскемен аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, МДП
19. Целиноград РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Целиноград аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
20. Шымкент аэропорты - ДПП,ДПК,ПДП,СДП,МДП
21. Шевченко аэропорты - ВРЦ,ДПП,ДПК,ПДП,СДП,МДП
22. Аягөз аэропорты - ВРЦ,КДП,МВЛ
23. Арал аэропорты - ВРЦ,КДП,МВЛ,ВМДП
24. Зайсан, Күршiм, Степногорск
Жаңаөзен аэропорты - КДП,МВЛ
Жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқық
беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың,
лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне енгiзудiң
Негiздемесi
1. Азаматтық авиация самолеттерiнiң бортсерiктерi, бортсерiктерiнiң нұсқаушылары.
---------------------------------------------------------------
АА МҒЗИ ұшу құрамының еңбек физиологиясын зерттеу лабораториясы бортсерiктерiнiң организмiне зиянды факторлардың тұтас бiр құрамы ықпал ететiн дәлелдеп отыр:
барометрикалық қысымының жылдам өзгеруi, осыған орай төмен гипоксиялық жай-күйi;
шудың жоғары деңгейi (ПДУ-дiң 4-тен 22д БА-ға дейiн көтерiлеуi);
ауаның төмен ылғалдылығы (10 проц. дейiн);
зиянды химиялық заттардың жиынтық шоғыры нормадан асып кетедi;
қолайсыз температуралық режим;
биологиялық фактор (ауаның бактериялық тұқымдануы);
еңбек пен демалыстың тиiмсiз режимi (демалыс күндерiндегi жұмыс, ерте ұшулар, кеш ұшулар, жұмыстың үнемi өзгерiп тұратын кестесi) және т.б.
Бортсерiктерi еңбегiнiң ерекшелiктерi мен сипатын ескере отырып, оларға N 1 Тiзiмiн жасы бойынша жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық беру мүмкiн деп санаймыз.
Зейнетке шығатын жыл сайынғы орташа адам саны 46, шамамен жыл сайын зейнетақы төлеу шығындары 6 млн. сомды құрайды.
2. Газбен кесушiлер
-----------------
СССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 9 тамыздағы қаулысымен бекiтiлген N 1 Тiзiмiне толықтыруларда газбен кесушi мамандығы еңбегi қалған, оның жұмысының құрамы мен сипаты газбен дәнекерлеушiлерге сай келсе де олар осы толықтыруларда еске алынған.
Газбен кесушi мамандығын "Кен өндiруге әзiрлiк, байыту, шымшымдау" атты II бөлiмiнiң I бөлiмшесiне "металлургиялық өндiрiс (қара металлдар)" атты III бөлiмiнiң 1-4 бөлiмшелерiне "Кокстiк, кокстiк емес, термоантрациттi және кокстiк - химиялық өндiрiс" атты IV бөлiмiнiң 1, 2 бөлiмшелерiне", "Металлургиялық өндiрiс (түстi металлдар)," атты VII бөлiмiнiң 2-6, 10-12, 14-17 бөлiмшелерiне N 1 Тiзiм бойынша жеңiлдiктi зейнетақы алу құқын пайдаланатын технологиялық процестi жүргiзушi негiзгi жұмысшылар секiлдi жұмыс iстеп тұрған өндiрiс учаскелерiнде орнатылған құрал-жабдықтарды жөндеумен айналысатын жөндеу қызметi жұмысшыларының орташа жылдық зейнетке шығуы 50 адамды, зейнетақы қорынан шығындары жыл сайын 7 млн. сомды құрайды.
3. Аппаратураларды тазалаумен айналысатын
тазалаушылар (шифр 2091100а-19555)
-----------------------------------------------------
Павлодар алюминий заводының бақ аппаратураларын тазалаушылардың жұмыс орындарын аттестациялау материалдарын және Сверховск еңбек гигиенасы институтының тазалаушылар еңбегiнiң ауырлығы мен қауырттығы жөнiндегi физиологиялық бағасын зерттей келе, олар бақ аппаратуралары тазалаушылары жұмысының айрықша зиянды және ауыр екендiгiн дәлелдейдi, оларға резервуарлардың, бактердiң, цистерналардың, бөлiктердiң... (шифры 12100000-1753а) iшiн тазалаумен айналысатын жұмысшылар ретiнде N 1 Тiзiммен жасы бойынша жеңiлдiктi зейнетақы тағайындауға болады деп санаймыз.
Өндiрiстiк ортаның барлық параметрлерiнiң нормативтiк көрсеткiштерi сан есе ауытқушылығы байқалған (аэрозол ПДК асып кетуi; сiлтi 10-15 есе; шаң - 80-нен 240 есеге дейiн; шу деңгейi 26-40 цБА көтерiлген; ылғалдылық 25 проц. асқан, ауысым уақытындағы тұруға мәжбүр жұмыс тұрқы 25 проц. астам, ауысым үшiн түсетiн статистикалық және динамикалық күш еңбек ауырлығының 2-шi дәрежесiне сәйкес келедi) Аталғандардан басқа бак аппаратураларының тазалаушылары газға қарсы тұмылдырықпен жұмыс iстеуге мәжбүр.
Жыл сайын зейнетке шығушылар саны 6 адамды, осыған орай зейнетақы қорынан жыл сайынғы шығын 800 мың сомды құрайды.