Мемлекет меншігіндегі объектілер мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сату жөнінде ашык аукциондар ұйымдастыру туралы уақытша ереже

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы N 194 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 3 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 10. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасына, "Мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 K931290_ және "Жекешелендіру инвестициялық купондары туралы ережені күшіне енгізу туралы" 1993 жылғы 23 шілдедегі N 1289 K931289_ қаулыларына, Мамандандырылған купондық аукциондар туралы ереже мен Шағын жекешелендіру аумағында мемлекет меншігіндегі объектілерді сатып алу жөнінде аукциондар, коммерциялық конкурстар ұйымдастыру туралы 1993 жылғы 26 маусымдағы N 2/2 ережеге сәйкес әзірленген.
     2. Ереже мемлекет меншігіндегі объектілер мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сату жөніндегі ашық аукциондар (бұдан әрі - аукцион) өткізу тәртібін, сондай-ақ аукционға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
     3. Мемлекет меншігіндегі объектілерді аукционда сату туралы шешімді мемлекет мүддесін білдіретін Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитет пен оның аумақтық органдары (бұдан әрі - Комитет) қабылдайды.
     4. Комитеттің тапсыруымен Мемлекеттік жекешелендіру қоры (МЖҚ) аукционды ұйымдастырушы болып табылады.
     5. Аукционда инвестициялық жекешелендіру қорлары, жеке адамдар мен мемлекеттік емес заңды ұйымдар, шетелдік жеке адамдар мен заңды ұйымдар сатып алушы бола алады.
     6. Мемлекет меншігіндегі объектілер мен акциялардың мемлекеттік пакеттері ақшаға және жекешелендіру инвестициялық купондарына (бұдан былай - купон) сатылады.
     7. Инвестициялық жекешелендіру қоры жеңіп шыққан болса, аукционда сатып алынған меншік объектісіне мынадай жағдайда ішінара купондармен ақы төленуі мүмкін:
     егер аукционда сатылған объектінің соңғы құны мен бастапқы құнының айырмашылығы 2 еседен кем болса, онда құнның бастапқы бағасына тең бір бөлігі купонмен төленеді;
     егер аукционда сатылған объектінің соңғы құны бастапқысынан 2 еседен көп болса, онда объектінің аукционда сатылған бағасының 50 проценті купонмен төленеді. Оның үстіне бір қор жиналған купондардың 10 проценттен артығын сатып алынатын объектіге инвестициялауға құқы жоқ.

II. Аукционды ұйымдастыру

     8. Қызмет көрсету және мәдениет мекемелерін сату Шағын жекешелендіру аумағына мемлекет меншігіндегі объектілерді сатып алу жөніндегі аукциондарды, коммерциялық конкурстарды ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес жүргізіледі (Меммүліккомының 1993 жылғы 26 маусымдағы N 2/2 қаулысы).
     9. Аукционға қойылатын мемлекеттік меншік объектілер мен акциялардың мемлекеттік пакеті ақпараттық мәліметтің жарияланған күніне сай тоқсандық балансы қоса берілген қабылдау-өткізу актісі бойынша МЖҚ-ға беріледі.
     Мекеме басшысы сатып алушыға объектіні өткізу-шартына қол қойғанға дейін мемлекеттік объектінің материалдық жағынан сақталуына толық жауап береді.
     10. Аукционға қатысуға өтінім берген адамдар туралы мәліметтер аукцион басталғанға дейін жарияланбауға тиіс.
     11. МЖҚ:
     аукционда сатылатын акциялардың мемпакеттері мен мемменшік объектілері туралы ақпараттық хабарламалар жариялауды осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады;
     аукционға қатысушылармен есеп айырысады;
     сатып алушының меншік құқығын ресімдейді;
     өтінім бланкілерінің, кіру билеттерінің және т.б. құнына ақы төлеу тәртібін белгілейді.
     12. Комитет акционерлік қоғамдардың сатуға шығарылатын акцияларының және мемлекеттік меншік объектілерінің санын, олардың бастапқы бағасын анықтайды және тапсырма-шарттың талаптарына сәйкес МЖҚ-ға:
     қабылдау-өткізу акті бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларын;
     сатуға жататын акциялардың мөлшелері, бір акцияның нақты бағасы көрсетілген үтір белгіленген тәртіп бойынша бекітілген жекешелендіру жоспарының көшірмесін;
     аукционды өткізу туралы ақпараттық хабарламада жирялауға қажет басқа да мәліметтер береді.
     13. Аукцион өткізудің хабарланған мерзіміне дейін 30 күннен кешіктірмей аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, оған мынадай мәліметтер берілуге тиіс:
     мемлекеттік меншік объектілерінің толық атауы мен заңды мекен-жайы;
     бастапқы баға (бір акцияның және мемлекеттік меншік объектісінің әуелгі құны);
     аванс сомасы және ол аударылуға тиісті ағымдағы шоттың реквизиттері;
     кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы ақпарат;
     тапсырыста қабылдау мерзімі және орны;
     аукцион өткізу мерзімі және орны;
     аукцион ұйымдастырушының мекен-жайы және байланыс телефонының нөмірі.
     Аталған мәліметтерді беру нысаны мен қосымша деректер тізбесін МЖҚ белгілейді.
     14. МЖҚ ақпараттық хабарларындағы ақпараттың кәсіпорынды жекешелендіру жоспарына сәйкес келуіне жауап береді.

III. Сатып алушының аукционға қатысу шарттары

     15. Аукционға қатысу үшін акциялардың мемлекеттік пакеттерін және мемлекет меншігіндегі объектілерді сатып алу кезінде сатып алушы МЖҚ-ға акционерлік қоғамдар мен мемлекет меншігіндегі объектілерді көрсете отырып (N 1 қосымша, N 2 қосымша) сатып алуға тапсырыс және акция пакеттері мен мемлекеттік меншік объектілерінің бастапқы құнының 20 проценті мөлшерінде МЖҚ-ның есеп шотына аванс төлегені туралы төлем тапсырысын ұсынады.
     Егер сатып алушы аукционда бірнеше акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік меншік объектілері бойынша қатысса, онда осы акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік меншік объектілерінің бірінің акция пакетінің ең жоғарғы бастапқы бағасы бойынша белгіленген мөлшерде аванс төлейді.
     16. Егер сатып алушы өтінімді белгіленген уақытта ұсынбаса немесе аванс төлемесе, онда ол аукционға қатысуға жіберілмейді. Сатып алушы ретінде қор қатысып отырса, онда Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша қор лицензиясынан айырылған немесе лицензияның күшін не басқарушысының ісәрекетін кідірту туралы шешім қабылданған жағдайда да оның аукционға қатыстырылмауы мүмкін.

IV. Аукционды өткізу тәртібі

     17. Аукцион оған кем дегенде екі сатып алушы қатысқан жағдайда өткізілуі мүмкін.
     18. Мемлекеттік меншік объектілерін сату үшін Мемүліккомының 1993 жылғы 26 маусымдағы N 2/2 қаулысымен бекітілген шағын жекешелендіру аумағына аукциондар өткізудің тәртібі мен механизмі пайдаланады.
     19. Аукционның қорытындысын Комиссия шығарады, оның құрамын Комитет белгілейді.
     20. Аукцион акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату үшін сұраныс пен ұсынысты компьютерлік талдау арқылы жүргізіледі. Акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетінің бастапқы бағасы кезінде сұраныс ұсыныстан аз болса, әуелгі бағасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол 15 проценттен артпауға тиіс. Егер бағасы кемітілгеннен кейін акциялардың мемлекеттік пакеті сатылмай қалса, онда осы акционерлік қоғам бойынша сауда тоқтатылады.
     Сұраныс ұсыныстан артқан жағдайда сұраныс ұсыныспен теңескенге дейін компьютерлік бағдарлама бойынша баға біртіндеп көтеріліп отырады. Бұл ретте бағдарламалық қамтамасыз ету сұраныс пен ұсыныстың теңдігін + - 10 процент аралығында тіркейді.
     Аукционды өткізу барысында өтінім берілген акциялардың мөлшері 20- тармақта көрсетілген ауқымға сай келмеген жағдайда Комиссияның:
     -бағаны өзгерту интервалын өзгертуге;
     -акцияларды аукционнан алуға құқығы бар.
     21. Акциялардың мемлекеттік пакетіне бағаның әрбір өсуі бейнепроектор экранында жазылып отырады.
     22. Бағаның кезекті өзгертілуінен кейін аукционға қатысушылар ұсынылған бағаға келіскенін аукционға қатысушының жеке карточкасын Комиссияға өткізу арқылы білдіреді (N 5 қосымша).
     23. Аукционға қатысушылардың дербес карточкалары Мемлекеттік жекешелендіру қорының мөрімен және аукционға қатысушының қолымен расталған мынадай мәліметтерден тұрады:
     -аукционға қатысушының нөмері;
     -бағаның өзгеру циклының рет саны;
     -осы баға бойынша сұраныс беріліп отырған акциялардың (сатуға шығарылып отырған мемпакеттің барлығының да) саны;
     -аукцион өткізілетін күн.
     Сұраныс берілетін акциялардың мөлшері аукционға шығарылып отырған акциялардың мөлшерінен аспауға тиіс.
     24. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне қол жеткен жағдайда, осы Ереженің 20-тармағына сәйкес берілген акционерлік қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетін сату жөніндегі аукцион аяқталды деп есептеледі, ал баға өзгертудің соңғы циклына қатысушылар оның жеңімпаздары болады. Бұл ретте аукцион жеңімпаздарын анықтау сұраныс жасалған акциялардың мөлшеріне қарай мынадай кезек бойынша жүргізіледі, ең көп акцияға сұраныс жасаған қатысушыдан бастап әрі қарай кему тәртібімен аукционға шығарылған акциялардың толық сатылуына дейін. Жеңімпаздардың арасында акция бөлу былайша жүргізіледі: жоғарыда көрсетілген кезектегілердің алғашқылары акциялардың карточкада көрсетілген мөлшерін, ал соңғылары аукционға шығарылған акциялардың қалған мөлшерін алады. Егер сұраныс ұсыныстан рұқсат етілген көлемде (10%) артып отырса және аукцион жеңімпаздары акциялардың бірдей мөлшерін сұрап отырса, онда олардың әрқайсысының алатын акциясының мөлшері мына формула бойынша есептеп шығарылады:                     Апр,
                          А= --------*Аз,
                               Асп
    мұндағы А - жеңімпаз алатын акциялардың мөлшері,
            Апр - соңғы жеңімпаздарға қалған акциялардың мөлшері,
            Асп - аукционның соңғы жеңімпаздары сұраныс жіберген                      акциялардың жиынтық мөлшері,
            Аз - соңғы бір жеңімпаз сұраныс жіберген акциялардың
                 мөлшері
     25. Жеңімпаз сауданы ұйымдастышулар белгілеген уақыт ішінде Комиссияға қатысушы билетін көрсетіп, сауданың нәтижесі туралы хаттамаға қол қоюға тиіс. Хаттамаға сондай-ақ аукционды ұйымдастырушы өкіл де қол қояды.
     26. Аукционның нәтижесі туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жеңімпаз әрі қарай саудаға қатысу құқығынан айырылады және оған аванс қайтарылмайды. Мұндай жағдайда Комиссияның шешімі бойынша сауда қайта жалғастырылады немесе объект келесі аукционға шығарылады.
     27. Аукционға қатысушылар оның нәтижелеріне наразылығын Комиссия аукцион жеңімпаздары жарияланғаннан кейін 30 күн ішінде білдіре алады. Шағым дұрыс қаралмаған немесе мүлде қаралмаған жағдайда Комиссия шешімінің заңдылығы төрелік сотта қаралады.

V. Тараптардың акция пакеттері мен мемлекет
меншігіндегі объектілерді сатып алу-сату
мәмілесі жөніндегі өзара міндеттемелері

     28. Аукционнан кейін 5 банктік күн ішінде сатып алушы аукцион нәтижесі туралы хаттамада көрсетілген соманы МЖҚ-ның есеп шотына аударуға тиіс.
     29. Аталған мерзімде акционерлік қоғам акциялары пакетінің немесе мемлекет меншігіндегі объектінің құнына ақы төлемеген сатып алушы сатып алу құқығынан айырылады және оған аванс қайтарылмайды.
     Егер сатып алушы ИЖҚ болса, онда осы Ереженің 7-тармағына сәйкес акциялардың мемпакеті немесе мемменшік объектісі құнының бір бөлігіне ақшамен ақы төленуге тиіс. Ақы аталған мерзімде төленбеген жағдайда ИЖҚ-ға акциялар мемпакетінің немесе мемменшік объектілерінің бастапқы бағасының 20 проценті мөлшеріне айыппұл төлетіледі, сондай-ақ лицензия қайтарылып алынуы мүмкін.
     30. Соңғы есеп айырысу кезінде сатып алышуға аукционды ұйымдастыруға кеткен шығындар шегеріліп, төлеген аванс сомасы қайтарылады.
     Аукцион жеңімпазы болмаған қатысушылардың аванс сомасынан аукционға қатысқандары үшін қаражат алынады, ол аукционды ұйымдастыруға байланысты шығындарды өтеу үшін қажет. Қалған сома 5 банктік күн ішінде өздеріне қайтарылады.
     Аукционда сатып алған акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетінің толық құнын төлеген сатып алушыға МЖҚ сертификат тапсырады (N 3 қосымша).
     Аукционда сатып алған мемлекет меншігіндегі объектінің толық құнын төлеген сатып алушыға МЖҚ Меншік құқығына ие болғаны туралы мемлекеттік акт тапсырады (N 4 қосымша).     

VI. Акционерлік қоғамдар акцияларының бақылаушы
мемлекеттік пакеттерін және мемлекет меншігіндегі
объектілерді сатудан түскен қаражатты бөлу

     31. Аукциондар барысында түскен барлық ақша қаражаттары МЖҚ-ның есеп шотына аударылады.
     32. Осы қаражаттардан аукциондарды әзірлеу және өткізу шығындары өтеледі, қалған бөлігі N 609 "Мемлекеттік меншікті сатып алудан, акциялаудан және сатудан түскен қаражаттар" баланстық шотының ағымдағы субшотына аударылады.     

                                                  N 1 қосымша

    ашық аукционға қатысу үшін               N____________________
    Күні_________________
    Заңды ұйым үшін:     

____________________________________________________________________
                (кәсіпорын немесе ұйымының атауы)     

                                            Лицензия N_________
                                                     (ИЖҚ үшін)
    Жеке адам үшін:
____________________________________________________________________                              (толық аты-жөні)     

    Өтінімнің тіркелу номері __________________
    Паспорт деректері ___________________________     

    Төмендегі акционерлік қоғамдар бойынша аукционға қатысқысы келеді:
____________________________________________________________________
Рет | Акционерлік  | Акционерлік | қатысушының бастапқы баға бойынша
N  |қоғамның атауы|қоғамның коды|сатып алатын акцияларының
   |              |             |мөлшері(дана)
____________________________________________________________________
1  |       2      |       3      |                    4           
____________________________________________________________________
1. |              |              |                                   
2. |              |              |                                
3. |              |              |                                
4. |              |              |                                
5. |              |              |                                
6. |              |              |                                
7. |              |              |                                
8. |              |              |                                
9. |              |              |                                
10. |              |              |                                
____|______________|______________|_________________________________
     Өтінім білдіруші___________________        ___________________
                        (қолы)                   (аты-жөні)

    М.О.

                                                     N 2 қосымша

    Ашық аукционға қатысу үшін                    N_____________

                                                  Күні__________
    Заңды ұйым үшін:
____________________________________________________________________
                  (кәсіпорын немесе ұйымының атауы)     

                                           Лицензия N___________
                                                     (ИЖҚ үшін)

    Жеке адам үшін: _______________________________________________
                             (толық аты-жөні)

    Өтінімнің тіркелу номері __________________
    Паспорт деректері _________________________     

    Төмендегі акционерлік қоғамдар бойынша аукционға қатысқысы келеді:     

    ______________________________________
    Рет |    Акционерлік  |  Акционерлік  |
     N  |  қоғамның атауы | қоғамның коды |
    ______________________________________
      1 |       2         |        3      |
    ______________________________________
     1. |                 |               |
     2. |                 |               |
     3. |                 |               |
     4. |                 |               |
     5. |                 |               |
     6. |                 |               |
     7. |                 |               |
     8. |                 |               |
     9. |                 |               |
    10. |                 |               |        

      Өтінім білдіруші___________________      __________________
                         (қолы)                   (аты-жөні)     

    М.О.

                                                    N 3 қосымша

          Бекітілген                           Бекітілген
   Меммүліккомының төрағасы                   МЖҚ төрағасы
   "___"____________ 199__ж.              "___"____________ 199__ж.

    М.О.                                   М.О.

               Аукцион нәтижесі туралы хаттама

    Алматы

    Аукцион N __________            Аукционның басталуы _______
    Өткізілетін күні _______        Аукционның аяқталуы _______
    Мына құрамдағы Комиссия _______________________________________
____________________________________________________________________
аукционның қорытындысы туралы осы хаттаманы жасады, олар арқылы
мынадай нәтижелер бекітіліп отыр:     

    АҚ коды ___________                Акцияның нақты құны
                                       теңгемен ___________
                                       купонмен ___________

    Мемменшік объектісінің             Мемпакет мөлшері_____ дана
    бастапқы бағасы                    жарғы капиталының ______%-і
    Теңгемен ______________________     

    Аукционның жеңімпазы:
    заңды ұйым үшін ______________________________________________
                             (кәсіпорынның, ұйымының атауы)     

    Жеке адам үшін _______________________________________________
                                    (толық аты-жөні)
    Паспорт деректері _________________________________
    Мемменшік объектісінің соңғы бағасы _______________
                                            (теңге)
____________________________________________________________________                              (толық жазылуы)    

    Комиссия төрағасы
    Комиссия хатшысы
    Комиссия мүшелері     

                                           N 3 қосымшаның жалғасы                        Тараптардың міндеттемелері

    Аукцион жеңімпазы:
    1. Бес банктік күн барысында МЖҚ-ның есеп шотына алған мемменшік объектісінің соңғы құны бойынша ақы төлейді.
    2. Мемменшік объектісінің сатып алудан бас тартқан немесе осы хаттаманың 1-тармағын орындамаған жағдайда объектіні сатып алу және төлеген аванс сомасын қайтарып алу құқығынан айырылады.
    МЖҚ:
    1. Соңғы есеп айырысу кезінде аукцион жеңімпазында төленген аванс сомасын, аукционды ұйымдастыруға кеткен шығындарды шегеріп, қайтарады.
    2. Мемменшік объектісінің соңғы құны бойынша ақы төлегеннен кейін аукцион жеңімпазына Меншік құқығына ие болғаны туралы сертификат тапсырады.     

    МЖҚ:                        Аукцион жеңімпазы:
    ___________                           ______________________
      (қолы)                                         (қолы)     

    Банк реквизиттері:                         Банк реквизиттері:
    есеп шоты 609384,
    Ұлттық банктің Алматы
    облыстық басқармасы
    коды 109 МФО 190501109     

    М.П.                                       М.П.

                                              N 4 қосымша      

    Бекітілген                                 Бекітілген
    Меммүліккомының төрағасы                   МЖҚ төрағасы
    "__"___________ 199__ж.                "__"___________ 199__ж.
     М.О.                                   М.О.

                  Аукцион нәтижесі туралы хаттама

    Алматы
    Аукцион N ________                   Аукцион басталуы________
    Өткізілетін күні __________        Аукционның аяқталуы ______
    Мына құрамдағы Комиссия _____________________________________
__________________________________________________________________
аукционның қорытындысы туралы осы хаттаманы жасады, олар арқылы
мынадай нәтижелер бекітіліп отыр:     

    Мемменшік объектісі _________________________________________
                                       (атауы, коды)
    Мемменшік объектісінің бастапқы бағасы
    Теңгемен __________________     

    Аукционның жеңімпазы:
    Заңды ұйым үшін ________________________________________
                        (кәсіпорынның, ұйымның атауы)
    Жеке адам үшін ___________________________________________
                             (толық аты-жөні)
    Паспорт деректері ________________________________________     

    Мемменшік объектісінің соңғы бағасы ______________ (теңге)     

    __________________________________________________________
                          (толық жазылуы)     

    Комиссия төрағасы
    Комиссия хатшысы
    Комиссия мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады