Туберкулез ауруының белгiсi ерте бiлiнген, оның шамалы және бәсеңдеген түрi, сондай-ақ жұқпалы ортасы бар балалар мен жасөспiрiмдер үшiн туберкулез ауруын емдейтiн санаторийлық мектеп-интернат туралы Ереженi күшiне енгiзу жөнiнде

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi 1994 жылғы 29 шiлдедегi N 46. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 46. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім министрінің м.а. 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 442 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім министрінің м.а. 2009.09.24 N 442 бұйрығымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Туберкулез ауруының белгісі ерте білінген, оның шамалы және бәсеңдеген түрі, сондай-ақ жұқпалы ортасы бар балалар мен жасөспірімдер үшін туберкулез ауруын емдейтін санаторийлық мектеп-интернат туралы Ережені күшіне енгізу жөніндегі" Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1994 жылғы 29 шілдедегі N 46 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 12 қаңтарда N 46 болып тіркелген).
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      Міндетін атқарушы                                 А. Жақыпов

      Балалар мен жасөспiрiмдерге жан-жақты бiлiм беру, сондай-ақ байқалған туберкулез ауруынан емдеу, сауықтыру мақсатында
                      бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы және Денсаулық сақтау министрлiктерi мен келiсiлген туберкулез ауруының белгiсi ерте бiлiнген, оның шамалы және бәсеңдеген түрi, сондай-ақ жұқпалы ортасы бар балалар мен жасөспiрiмдер үшiн туберкулез ауруын емдейтiн санаторийлық мектеп-интернат туралы Ереже күшiне енгiзiлсiн. 2. Облыстық, Алматы қалалық бiлiм басқармаларына: 2.1. Осы бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын. 2.2. Бұйрықты және Ереженi барлық аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiне және мектеп-интернаттарға жеткiлiзсiн. 3. Осы бұйрықтың жүзеге асырылуын бақылау Интернаттар және балалар құқын қорғау мекемелерi бөлiмiне (Саламахин А.Ф.) жүктелсiн. Министр Жобаны ұсынған: Келiсiлген: (Интернаттар және балалар Министрдiң орынбасары құқын қорғау мекемелерi бөлiмiнiң бастығы) Заң бөлiмiнiң бастығы Бекiтемiн: Келiсiлген Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi Қаржы министрiнiң орынбасары Келiсiлген: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Туберкулез ауруының белгiсi ерте бiлiнген оның шамалы және белсендеген түрi, сондай-ақ жұқпалы ортасы бар балалар мен жасөспiрiмдер үшiн туберкулез ауруын емдейтiн санаторийлық мектеп-интернат туралы Ереже I. Жалпы ереже
      І.1. Туберкулез ауруының белгiлерi ерте бiлiнген, оның шамалы және белсендеген түрi, сондай-ақ жұқпалы ортасы бар балалар мен жасөспiрiмдердiң туберкулез ауруын емдейтiн санаторийлық мектеп-интернаттары оларды емдеудi, сауықтыруды, жан-жақты дамытуды қатар жүргiзумен бiрге сапалы оқу мен саналы тәрбие берудi ойдағыдай жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып саналады. Олар жалпы бiлiм беретiн бастауыш және негiзгi (I және II саты) немесе ортадан жоғары (I, II, III саты) мектептер құрамында ұйымдастырылады. Сондықтан бұл мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының бiлiм беру орындарының (бұдан былай санаторийлық мектеп-интернат деп аталады) алға қойған талаптарына сәйкес оқушыларына жан-жақты бiлiм беру мақсатын жүйелi жүзеге асырады. Сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдердiң арасында байқалған туберкулез ауруынан емдейдi. Туберкулездiң жұқпалы ауруының алдын алуға, сақтандыруға бағытталған әртүрлi профилактикалық шараларды қолданып, қалай да болса балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтауға күш-жiгердi жұмсай отырып, оларды Отанымыздың белсендi азаматы етiп өсiруге қолдан келгеннiң бәрiн жасайды.
      І.2. Санаторийлық мектеп-интернаттарды құру, өзгерту, сондай-ақ тарату мәселесi Қазақстан Республикасының осы салаларды қамтитын заңдарына сәйкес шешiледi. Оны жүзеге асыру iсi Қазақстан Республикасының халыққа бiлiм беру министрлiгiнiң келiсiмi бойынша жергiлiктi өкiмет органдары мен басқармаларына тапсырылады.
      Санаторийлық мектеп-интернат министрлiк пен облыстық (Алматы қалалық) бiлiм басқармаларына тiкелей бағынады, солардың қамқорлығында болады.
      І.3. Бұл оқу орындарын педагогтiк кадрлармен, қажеттi құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудi, оның жұмысын басқару мен бақылауды жергiлiктi бiлiм беру органдары басқармалары iске асырып отырады.
      І.4. Санаторийлық мектеп-интернаттардағы тәрбиелеушiлерге дәрiгерлiк қызмет көрсету iсiн басқару мен бақылау жергiлiктi денсаулық сақтау органдарының басқармалары арқылы жүзеге асырылады. Олар санаторийлық мектеп-интернаттарды белгiленген тәртiп бойынша мамандандырылған дәрiгерлiк кадрлармен, қажеттi дәрi-дәрмектермен, жабдықтармен қамтамасыз етедi. Оларды күнделiктi жұмысқа қажеттi препараттар мен әртүрлi витаминдермен туберкулез сырқаттарын емдеумен айналысатын облыстық, қалалық дипансерлер (кабинеттер) көмектесiп отырады.
      І.5. Санаторийлық мектеп-интернаттардың үйлерi мен әртүрлi ғимараттары, жер участогi сондай-ақ оқу құралдары, техникалық жабдықтары санаторийлық гигиеналық жұқпалы аурудан сақтануға қойылатын талаптарға сай болумен қатар өртке қарсы ережеге, қауiпсiздiкке қатал сәйкес болуы керек.
      Санаторийлық мектеп-интернаттың қоршалған көгалдандырған участоктары мен гүлазарларында балалар мен жасөспiрiмдердiң дем алуы, ойнауы мен таза ауадағы әртүрлi жұмыстардың, сондай-ақ дене шынықтыру мен сауықтыру шараларына арналған жабдықтарын...
 
      II. Санаторийлық мектеп-интернаттардың құрылымы, оның оқушыларын iрiктеп жинақтау тәртiбi, көрсеткiштерi, интернатта болу мерзiмi.
      II.1. Санаторийлық мектеп-интернаттарға 6 жастан 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспiрiмдер қабылданады.
      II.2. Санаторийлық мектеп-интернаттарда жалпы бiлiм беретiн мектептер сияқты оқу жылы бойы жұмыс iстейдi. Әр класқа және тәрбие тобына қабылдаған балалар саны 20-дан аспауы керек.
      II.3. Санаторийлық мектеп-интернаттарға балалар мен жасөспiрiмдердi қабылдау iсiмен арнайы құрылған iрiктеу комиссия айналысады.
      Бұл комиссияны жергiлiктi денсаулық сақтау органдары ұйымдастырады. Ол туберкулез ауруын емдеумен айналысатын облыстық, қалалық диспансерлердiң жанында жұмыс iстейдi. Бұл комиссияның құрамына туберкулез ауруын емдеумен айналысатын облыстық, қалалық диспансерлердiң балалар бөлiмiнiң меңгерушiлерi (төраға), облыстық, қалалық педиаторлар (бала дәрiгерi) облыстық қалалық бiлiм басқармаларының, санаторийлық мектеп-интернаттарын дәрiгер-фтизиаторлары (өкпе туберкулезiн емдейтiн дәрiгер) кiредi.
      II.4. Санаторийлық мектеп-интернатқа қабылдау үшiн оған әкелiнген балалардың ата-аналарының немесе оларды ауыстырушы адамдардың келiсiмiмен iрiктеу комиссиясына сол балалар мен жасөспiрiмдер есепте тұрған емдеу-профилактикалық мекемелер қажеттi құжаттарды табыс етедi. Ол құжаттарды туберкулез реакциясының сипаттары туралы, кеуде клеткаларын зерттеу үшiн түсiрiлген ренген түсiрмелерi, қан мен зәрдiң талдаулары, жұқпалы аурулармен ауырғандығы туралы мәлiмет пен оған қарсы профилактикалық егулер мен арнайы жүргiзiлген емдеулердiң түрлерi мен тәсiлдерiн көрсететiн ауру тарихының көшiрмесi табыс етiледi. Бұл көшiрмеде сондай-ақ сол сырқат баланы емдеу мен сауықтыруға пайдалы тиер шаралардың жоспары да көрсетiлуi тиiстi.
      II.5. Iрiктеу комиссиясы бұл құжаттарды мұқият қарап, талдаудан кейiн санаторийлық мектеп-интернаттарға қабылдануы керек деп табылған балалар мен жасөспiрiмдердiң тiзiмiн облыстық, қалалық бiлiм басқармаларына жiбередi. Соңынан облыстық қалалық бiлiм басқармалары осы iрiктеу комиссиясының қорытындысын негiзге ала отырып жаңағы тiзiмге енген балалар мен жас өспiрiмдерге санаторийлық мектеп-интернаттарға жолдама бередi.
      II.6. Санаторийлық мектеп-интернаттарға балалар мен жас өспiрiмдердi жылына екi рет (бiрiншi тамызда, және бiрiншi желтоқсанда) iрiктеп қабылдайды. Қабылдау жұмыстары оқу жылының басталуына дейiн немесе 28-тамызға, сонан соң екiншi жарты жылдықтың басталуы немесе 30-желтоқсанға дейiн түгел бiтiп дайын болуы тиiстi. Егер оқу жылы басталған кезде кластар мен тәрбие топтарында бос орын болса онда қосымша iрiктеу қабылдау жұмыстары жүргiзiледi. Санаторийлық мектеп-интернаттарға қабылдаған балалар мен жас өспiрiмдер онда болу мерзiмi дәрiгерлердiң көрсеткен мәлiметтерiне байланысты. Ол аурудың түрiне қарай 5 айдан 10 айға дейн созылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда ол оқушылардың құжаттары iрiктеу комиссиясына қайта тапсырылады.
      II.7. Балалар мен жасөспiрiмдердi санаторийлық мектеп-интернаттарға қабылдау директордың арнайы бұйрығымен жүзеге асырылуы. Ол үшiн мынадай құжаттардың болуы шарт: а) бiлiм басқармасының жолдамасы; б) iрiктеу комиссиясының шешiмi; в) туу туралы куәлiк, немесе паспорт; г) баланың денсаулығы туралы дәрiгердiң байқаулары, көрсетiлген ауру тарихының көшiрмесi; д) ата-аналарының немесе олардың ауыстыратын адамдардың баланы санаторийлық мектеп-интернатқа қабылдау туралы өтiнiшi, сабақ үлгерiмi туралы табельдерi.
      II.8. Санаторийлық мектеп-интернаттарға қабылдаған балалар мен жас өспiрiмдер денсаулықтары толық жақсарғанша (туберкулез ауруын емдейтiн диспонсердiң есебiнен шығарылғанша) болады. Бұл жарты жылдың оқу мерзiмiнен кем болмауы керек.
      II.9. Санаторийлық мектеп-интернаттарға қабылдаған оқушылар толық мектептiң қамқорлығына алынады. Санаторийлық мектеп интернаттар үшiн бөлiнген мөлшерде диеталық және емдеуге арналған тағам түрлерiмен тамақтандырылады.
      II.10. Санаторийлық мектеп-интернаттарға, II,III, "Б", V "Б"және "В" топтары, сондай-ақ IV,VI, "А", "Б", "В" қауiптi топтары бойынша туберкулез ауруын емдейтiн диспансерлерде (кабинеттерде) есепте тұрған балалармен жасөспiрiмдер қабылданады. Олар ауруының мына төмендегiдей белгiлерi бойынша мынадай мерзiмге жатқызылады:
      а) туберкулездiң алғашқы жиынғы мен кеуде қуысындағы (iшiндегi) лимфа түйiндерiнiң тығыздалуы кезiндегi санаторийде немесе ауруханада емделгеннен кейiн /туберкулезбен ауырғандар 10 ай мерзiмге жатқызылса;
      б) асқынған экссудативтi қабынудан кейiн (санаторийде немесе ауруханада емделгеннен кейiн қалған көрiнiстерi бар сырқаттар - 10 ай мерзiмге;
      в) өкпеден тыс жерлерде туберкулезбен ауырып, кейiн оның қайта бастаған түрiмен және ортапедтiк шараларды қолданудың қажетi жоқ сүйек туберкулезiмен ауырғандар - 10 мерзiмге;
      г) делбе ауруына ұшырап, сонан балалар санаторийлерiнде емделгеннен кейiн 2 жыл өткен соң ой өрiсi және психика (iшкi рухани сезiм күйi) жағынан ауытқуы жоқ балалар - 10 айға;
      д) туберкулез интаксикациясымен ауырып санаторийлық немесе ауруханаларда жан-жақты тексерiлгеннен және емделгеннен кейiн келгендер - 10 ай мерзiмге;
      е) туберкулез реакциясының виражымен ауырғандар 5-10 ай мерзiмге,
      ж) гиперергиялық және туберкулез реакциясын күшейткен инфекцияға ұшырағандар (ауырғандар)- 5-10 айға;
      з) әдеттегiдей емес созылмалы аурулар жұқтырған туберкулез және тыныс алу жолдарының вирусымен қатты инфляцияланған сондықтанда жиi ауыратындар (жылына 6 рет және одан да көп) 5-10 айға;
      и) ұдайы егуден асқынған БЦЖ мен ауырғандар 5 айға;
      к) туберкулездiң жұғады-ау деген ортадан: отбасылық туысқандардан, туберкулездiң асқынған түрiмен ауыратын адамы бар пәтерлермен байланыстан, туберкулез ауруы байқаған фермаларда жұмыс iстейтiн мал шаруашылығындағы жан ұялардан, туберкулезбен ауыратын малдары бар жан ұялардан ауырған сырқаттар - диспансерлiк есептен шыққанша, бiрақ 5-10 айдың аралық мерзiмiнде осы санаторийлық мектеп-интернаттарда болады.
      Ескерту: осы арада айта кететiн тағы бiр жағдай туберкулездiң асқынған (өршiген) түрiмен ауыратындармен байланыста болған, сондай-ақ әлеуметтiк тұрмыс жағдайлары нашар балалар мен жасөспiрiмдерде санаторийлық мектеп-интернаттарға қабылданады.
      II.II. Санаторийлық мектеп-интернаттарға жолдама беру кезiнде туберкулездiң көрсетiлген түрлерiнен басқа организмдегi компенсациялық жағдайдың бұзылуы және асқынуы сатысындағы жалғас аурулармен ауыратын балалар жасөспiрiмдерге жолдама беру көрсетiлмеген.
 
           III. Оқу-тәрбие және емдеу-сауықтыру жұмыстарын
                    ұйымдастыру
 
      III.1. Санаторийлық мектеп-интернаттар өзiнiң күнделiктi iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасына ("Бiлiм туралы" Заңын, осы Ереженiң қағидаларын сондай-ақ Бiлiм, денсаулық сақтау министрлiктерi бағдарлама-әдiстемелiк пен басқа да нұсқау құжаттарына сүйенедi, соларды басшылыққа алады.
      III.2. Санаторийлық мектеп-интернаттарда кластан-класқа көшiру емтихандары жүргiзiлмейдi.
      III.3. Бұл мектеп-интернаттардың I-IV, класс оқушылары үшiн сабақтың ұзақтығы 35 минут болса, ал V-ХI кластарда ол 40 минутқа созылады. Әр сабақтың алдында оқушылармен 5 минуттық дене шынықтыру жаттықтырулары өткiзiледi, қарапайым да жеңiл 3, 4 жаттығулардан тұратын бұл дана шынықтырулар аяққа, арқаға және иыққа пайдалы әсер етуi тиiстi.
      Сабақтың арасындағы 1, 2, 4 және 5 үзiлiстердiң ұзақтығы 10-15 минут, ал үшiншi үзiлiстiң ұзақтығы 30-40 минут болуы тиiстi. Сабақ кестесi оқушылардың күн тәртiбi санаторийлық мектеп-интернаттарын дәрiгерлерiнiң келiсiмiмен тiзiлiп бекiтiледi.
      III.4. Санаторийлық мектеп-интернаттарда балаларды емдеу мен оқу-тәрбие жұмыстары дәрiгерлердiң, кiшi дәрiгерлiк қызметкерлер-медбикелердiң, мұғалiмдер мен тәрбиешiлердiң, сондай-ақ жетекшiлерi, өзара ынтымақтаса, келiсе отырып жүргiзiледi.
      III.5. Онда әр оқушының өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып, жүргiзiлетiн оқу-тәрбие жұмысымен емдеу-сауықтыру шараларын бiр-бiрiмен талап дәрежесiнде үйлестiре жүргiзу әртүрлi әдiстердi тиiмдi пайдалану олардың жан-жақты жетiлуiмен қатар емдеу жұмыстарының ойдағыдай өтуiн қамтамасыз етуi тиiстi.
      III.6. Санаторийлық мектеп-интернаттардағы емдеу сауықтыру жұмыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң әдiстемелiк нұсқауларына сәйкес жүргiзiледi. Онда әсiресе химиялық профилактика, аурудың қайталануына қарсы химиялық терапия курстары туберкулез ауруын-емдейтiн диспансерлердiң контингентiн топтастыру туралы әдiстемелiк нұсқауына және химиялық профилактика жүргiзу Ережесiне сәйкес өткiзiледi. Егер қосымша iлеспелi ауру болған жағдайда оны емдеу арнап шақырылған мамандардың қарап, берген кеңесiне сәйкес тиiстi жұмыстар жүргiзiледi.
      III.7. Сырқат балалар санаторийлық мектеп-интернаттарыдан үйлерiне қайтарылғаннан кейiн оны емдеу нәтижелерi туралы мәлiмет туберкулез ауруын емдейтiн жергiлiктi диспансерлерге (кабинеттерге) ал онда мекеме жоқ жерлерде балалар емханасына, немесе жалпы емханалардың жас өспiрiмдерге қарайтын кабинеттерге хабарланады.
 
             IV. Санаторийлық мектеп-интернаттарды басқару
                 онда еңбек ететiн қызметкерлердiң негiзгi
                 құқықтары мен мiндеттерi
 
      IV.1. Санаторийлық мектеп-интернаттардың педагогика және медицина қызметкерлерi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернаттар қызметкерлерi үшiн белгiленген құқықтар мен мiндеттерден басқа осы мекемелердiң өзiне тән ерекшелiктерiне байланысты қосымша құқтары мен мiндеттерi бар.
      IV.2. Санаторийлық мектеп-интернаттың барлық жұмысын басқару директорға жүктелген.
      IV.3. Директор болып жоғары бiлiмi бар педагогтық стажы үш жылдан кем емес ұйымдастыру қабiлетi жеткiлiктi ұстаз тағайындалады.
      Директор атап айтқанда:
      - барлық оқу-тәрбие, емдеу-сауықтыру, оқушылардың денсаулығын сақтау жұмыстарына толық жауап бередi;
      - Iрiктеу комиссиясының қорытындысына сай мектеп-интернаттарға оқушылар контингентiн қабылдауды ұйымдастырады және уақытында кластарды жинақтап, оқу жылына дайын болуын қамтамасыз етедi;
      - мектеп-интернатта оқу-тәрбие және емдеу профилактикалық жұмыстардың ойдағыдай жүргiзiлуiне мүмкiндiгiнше жақсы жағдай жасайды;
      - педагогтар мен медицина қызметкерлерiнiң күнделiктi жұмыстарын үйлестiрiп отырады.
      IV.4. Директордың оқу-iсi жөнiндегi орынбасары болып жоғары бiлiмi бар, педагогтық стажы үш жылдан кем емес, ұстаз тағайындалады. Ал директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасары:
      - санаторийлық мектеп-интернаттың оқу тәрбие жұмыстарына тiкелей басшылық жасайды және олардың жұмысын бақылап отырады;
      - Мекеменiң жұмыс жасау жағдайында оларға жан-жақты жағдай жасауды ескере отырып, бағдарлама әдiстемелiк материалдарды анықтап, iрiктеудi және оны мектеп-интернат қызметкерлерiнiң арасына таратуды қамтамасыз етедi;
      - Санаторийлық мектеп-интернаттарда оқушыларды емдеу қорытындысын педагогикалық кеңесте талқылауды ұйымдастырады.
      IV.5. Мұғалiмдiк қызметке жоғары немесе орта педагогикалық бiлiмi бар адамдар қабылданады. Олар сабақты және сабақтан тыс уақытта балаларды белгiлi бiр пән бойынша оқытуды және тәрбиелеудi тiкелей жүзеге асырады. Жұмыс ақысын төлеу еңбек ақы туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      IV.6. Мектеп-интернаттың тәрбиешiсi болып жоғары немесе орта педагогикалық бiлiмi бар адамдар тағайындалады. Олар сабақтан тыс уақытта балаларға саналы тәрбие беру жұмыстарымен айналысады.
      IV.7. Жұмыс уақытында мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балалардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей жауап бередi.
      IV.8. Санаторийлық мектеп-интернаттардың мұғалiмдерi жаз кезiнде, каникулға дейiн белгiленген сағат мөлшерiнде топтарда тәрбиешiлердiң жұмысын атқарады. Егер өндiрiстiк қажетке керек болып жатса ол мұғалiмдер өздерiнiң белгiленген жұмыс сағаттарынан тыс, ақылы тәрбиешiлiк мiндетке де қамтылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда қосымша берiлген тәрбиешiлiк сағат олар үшiн белгiленген еңбек ақыға сәйкес төленiп тұрады.
      IV.9. Мектеп-интернаттардың музыкалық жетекшiлерi болып жоғары немесе орта музыкалық бiлiмi бар адамдар тағайындалады. Музыка жетекшiлерi:
      - оқушылардың физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысын басқарады. Мұнда олар мұғалiмдер мен, дәрiгерлермен, сондай-ақ тәрбиешiлермен тығыз қарым-қатынаста болып, бiрлесе жұмыс iстейдi.
      - Оқушыларға музыкалық және эстетикалық тәрбие беру үшiн қолдан келгеннiң бәрiн жасауға тиiстi.
      IV.10. Санаторийлық мектеп-интернаттардың дәрiгер-фтизиаторларын (немесе педиаторларын) аудандық денсаулық сақтау бөлiмi тағайындайды.
      Дәрiгерлер санаторийлық мектеп-интернаттарға балалар мен жас өсiпiрiмдердi iрiктеп алуды жүзеге асырады. Осы мақсатпен iрiктеу комиссиясының жұмысына белсене қатысады. Оқушылардың денсаулығына, көңiл-күйiне, оларды емдеуге, шынықтыруға, тамақтануына, мекеменiң санитарийлық жағдайына бақылау жасап, гигиеналық жұмыс жүргiзедi. Санаторийлық тәртiптiң қатаң сақталуына тiкелей жауап бередi. Қай кезде қай жерде болса да тазалықты сақтау жағдайында үгiт насихат жұмыстарын жүргiзедi.
      Оқушыларды байқаудан өткiзудi жүйелi жүзеге асырады. Медициналық құжаттарды дайындап, есеп берудi жүргiзедi. Ата-аналармен, оқушылармен санаторийлық-гигиеналық тазалық жөнiнде әңгiмелер өткiзiлiп, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзедi. Санаторийлық-мектеп-интернаттардың қызметкерлерiнiң белгiленген уақытында дәрiгерлiк бақылаудан өтулерiн қадағалайды.
      IV.11. Санаторийлық мектеп-интернаттарда еңбек ететiн медициналық бикелер оқушыларға көрсетiлетiн дәрiгерлiк қызметтерде тiкелей атқарушылар болып есептеледi. Олардың орындалуын, уақтылы дәрi-дәрмектердiң берiлуiн тiркеп, бақылап отырады, дәрiгерлiк-санитарлық тәртiптiң орындалуына үй, жатын орын таза ұсталуына (болуына), базалардан келiп түскен тағамдардың сапасына бақылау жасайды, сол бақылаулардың нәтижесiнен N 26 және N 63 есепке алу формаларына мұқият тiркеп жазып отырады. Санитарлық тәртiптi (режимдi) қатаң сақтау жөнiнде санаторийлық мектеп-интернаттардың қызметкерлерiмен әңгiме өткiзiп, тазалықтың адам өмiрiнде, атқарар маңызына ерекше назар аударып отырады. Қызметкерлердi диспансерлеуге тiкелей жауап бередi.
      IV.12. Санаторийлық мектеп-интернаттардың дәрiгер мен медбикелерiнiң жұмыс лауазымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен штат мөлшерiне сәйкес белгiленедi.
      IV.13. Мекеменiң құрылымын және штат кестесiн белгiленген тәртiп бойынша еңбек ақы қорының көлемiне сәйкестендiрiп басшылар мен мамандар санының арақатынасын бастық өз қалауына (қажетiне) қарай бекiтедi.
      IV.14. Санаторийлық мектеп-интернаттардың қызметкерлерi егер түнгi кезекке жұмысқа келетiн болса, онда олардың сол кезегi аяқталғанша ұйықтауға құқы жоқ.
      IV.15. Санаторийлық мектеп-интернаттардың барлық қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен тәртiп бойынша жүйелi түрде медициналық байқаудан өтiп отыруы тиiстi.
 
           V. Қаржыландыру және есеп беру
 
      V.1. Санаторийлық мектеп-интернаттар бiлiм беру мекемелерi үшiн белгiленген тәртiп бойынша өзiнен жоғары мекемелер арқылы қаржыландырылып отырады.
      V.2. Санаторийлық мектеп-интернат бухгалтерлiк есеп және iс қағаздарын жүргiзедi, тиiстi орындарға белгiленген тәртiп бойынша есеп берiп отырады.
      V.3. Санаторийлық мектеп-интернат заңды мекеме. Сондықтан оның өзiнiң штампы мен мөрi, сондай-ақ белгiленген тәртiпке сәйкес маңдайша жазуы болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады