------------Бұйрықтан үзінді------------------
Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы", "Почта туралы" Заңдарына және "Дүниежүзілік Почта Одағы Жарғысының Алтыншы қосымшасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген Дүниежүзілік Почта Одағы XII Конгресінің (Пекин, 1999 жыл) кесмідеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. "Қазақстан Республикасының почта төлемi мемлекеттiк белгiлерi мен арнайы почта мөртабандары туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің 1994 жылғы 9 желтоқсандағы N 198 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1995 жылғы 26 маусымда N 70-құжат болып тіркелген).
Төраға м.а.
____________________________
ПОЧТА ТӨЛЕМДЕРIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК БЕЛГIЛЕРI 1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы почта төлемдерiнiң мемлекеттiк белгiлерi (почта маркiлерi мен блоктары, соның iшiнде айналасы перфорацияланбаған, маркiленген хат қалтасы және карточкалар) қолданылып жүрген тарифтерге сәйкес халықаралық және iшкi почта жолдамаларын жөнелту үшiн төлеу қаражаты болып табылады.
1.2. Почта төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiнiң басылымын ұйымдастыруды Бүкiләлемдiк почта конвенциясының 10-бабының & 1, "Қазақстан Республикасы байланыс жүйелерiнiң еркiндiгiн қамтамасыз етудiң шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 наурыздағы N 215 қаулысына және "Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы Ереженi бекiту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 P941302_ қаулысына сәйкес тек қана Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге асырады.
1.3. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерi Бүкiл әлемдiк Почта Одағының Жарғысы мен Одақ органдары қабылдаған шешiмдерге жауап бере отырып, өздерiнiң сюжеттерiнде қазақ халқы мен Қазақстанның басқа да халықтарының тарихи және мәдени жалғастығын, флорасы мен фаунасын, адамзат бiлiмдерiнiң барлық саласындағы жетiстiктерiн, iшкi және халықаралық өмiрдiң негiзгi жаңалықтарын сондай-ақ филателияны бейнелеуi тиiс.
1.4. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн басып шығару мемлекеттiк почта кәсiпорындарының, тұрғын халықтың, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қажеттiлiктерiн толық қанағаттандырылуын ескере отырып жүзеге асырылады.
1.5. Почта төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн жоспарлау, жасап шығару және тарату, филателистiк тауарларды шетелге шығару және оларды шетелден әкелу Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почтасының Қазақ "Қазбайланысмарка" Баспа сауда орталығы (БСО) тарапынан жүзеге асырылады.
1.6. Почта кәсiпорындары Қазақстан аумағында iшкi және халықаралық жолдамаларды жiберу мен жеткiзудi тек оларда Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң белгiлерi бар болғанда ғана жүзеге асырады.
1.7. Қазақстан Республикасының почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн шығаруды iске асыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанынан почта эмиссиясы жөнiнде құрылатын комиссия қатысуымен "Қазбайланысмарка" Баспа сауда орталығы (БСО) жасайтын перспективалық және жыл сайынғы тақырыптық бойынша жүргiзiледi. Почталық эмиссия комиссиясының құрамына Министрлiктiң, Мемлекеттiк почтаның және Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО өкiлдерi кiредi және оның мiндетiне эмиссиялық саясат принциптерiн анықтау, почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiн жасап шығаруды тақырыптық жоспарларының жобасын қарау мәселелерi кiредi.
1.8. Почта маркiлерi мен блоктары, ерекше маркiлi почта карточкалары мен хат қалталары Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бұйрығымен, маркiленген хат қалталары мен карточкалар Мемлекеттiк почта бұйрығымен почталық айналымға енгiзiледi.
1.9. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстанның почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн басып шығару үшiн дайындаушы-кәсiпорынды, мүдделi кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қатысуымен бәсекелестiк негiзде анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы почталық төлемдердiң
Мемлекеттiк белгiлерiн басып шығарудың тақырыптық
жоспарларын құрастырудың жалпы принциптерi
2.1. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн басып шығарудың тақырыптық жоспарлары почталық байланыс кәсiпорындарының тапсырулары және мемлекеттiк, қоғамдық, басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың, Қазақстан филателистер Одағының, жекелеген адамдарының жоспарланған жылдың басталуынан бұрын 18 айдан кешiкпей Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-сына түскен ұсыныстары негiзiнде жасалады.
2.2. Почталық маркiлер мен блоктары, ерекше маркiлi хат қалталары мен карточкаларды басып шығарудың жыл сайынғы тақырыптық жоспарының жобалары Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы почталық эмиссиялар жайлы Комиссияда жоспарланған жылдың алдындағы 1 мамырынан кешiктiрмей қаралып, содан соң министрдiң бекiтуiне Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО тарапынан ұсынылады.
2.3. Көркем хат қалталары мен карточкалар басып шығарудың жыл сайынғы тақырыптық жоспары Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО тарапынан жасалып, Байланыс департаментiнiң келiсiмiмен Мемлекеттiк почта бекiтедi.
2.4. Стандартты почталық маркiлердi басып шығарудың жалпы таралымы кем дегенде 10 жылда бiр рет жүзеге асырылады.
Жекелеген өтiмi жоғары стандарттық маркiлердiң қоры таусылған жағдайда, олардың қосымша таралымын шығаруға жол берiледi.
2.5. Айналымдағы почта төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерi бетiне арнаулы өзгерiс енгiзу төтенше жағдайда ғана Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi шешiмiмен бiр орталықтан жүргiзiледi.
2.6. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн басып шығарудың тақырыптық жоспарын құруда келесi қағидалар ескерiледi:
2.6.1. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн шығару өмiрде бар адамдарға арналмайды.
2.6.2. Көрнектi Мемлекет және саяси қайраткерлерi, ғылым мен мәдениет, өнер қайраткерлерi Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiнде қайтыс болғанына 10 жылдан ерте емес және 25-ке еселiк жылдардағы мерейтойларында бейнеленуi мүмкiн.
Тақырыптық серияларды шығару жағдайында осы берiлген ережеден ауытқуларға жол берiлуi мүмкiн.
2.6.3. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң мемлекеттiк белгiлерi саяси партиялар, қоғамдық, дiни және қайырымдылық ұйымдарының құрметiне шақырылмайды.
2.6.4. Қалалардың, аумақтардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, университеттер мен Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының 50 жылдан төмен емес мерейтойлары көркемдiк маркiленген хат қалталары мен карточкаларды шығарумен аталып өтуi мүмкiн.
2.6.5. Әр түрлi министрлiктер, ведомстволар, фирмалардың тапсырысы бойынша жарнамалау мақсатымен, тапсырыс берушiнiң қаржыландыруымен маркiленген почталық карточкалар шығарылады.
2.7. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерi өздерiнде көрсетiлген бағаға (почталық-қайырымдылық шығарылымдары) үстеме бағамен басылмайды.
2.8. Жоспардан тыс почталық маркiлер мен блоктардың (оның iшiнде марка бейнесiнде арнайы өзгерiс енгiзу) ерекше маркiлi почталық хат қалталары мен карточкаларды басып шығару Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қарауына оның почталық айналымға шығуына 6 ай бұрын уақыттан кешiктiрмей қабылданады.
3. Почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiндегi
сюжеттер саны, көрсетiлген бағалары, таралымдар
3.1. Қазақстан почталық маркiлерi мен блоктарының сюжеттерi (стандарттық шығарылымдарды есептемегенде) жыл сайынғы шығарудың тақырыптық жоспары 25-тен аспауы, ерекше маркiлi хат қалталары мен карточкалары 6 сюжеттерге дейiн шығаруды қарастырады.
Көркем хат қалталары мен карточкалар сюжеттерiнiң саны жыл сайын Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-мен почталық байланыс кәсiпорындары мен халық қажеттiлiктерiнiң қанағаттандырылуын ескере отырып анықталады.
3.2. Почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiнiң көрсетiлген бағасы Қазақстан аумағында қолданылып жүрген почталық байланыс қызметтерiнiң тарифтерiне сәйкес келуi тиiс.
3.3. Почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiнiң басып шығарылуы таралымы нақтылы жағдайда Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО тарапынан почта мен халық қажеттiлiгiн, Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО коммерциялық қызметi мен қажеттi резервтiң қалыптасуын ескере отырып анықталады.
Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-ға почта Мемлекеттiк белгiлерi таралымының тиiстi бөлiгiне филателистерге арнап штемпель таңбасын қойып дайындауға рұқсат етiледi.
4. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң
Мемлекеттiк белгiлерiнiң түпнұсқаларын жасау
мен олардың бекiтiлуi
4.1. Почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiн шығарудың тақырыптық жоспары бекiтiлгеннен кейiн Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-сы жоспарланған сюжеттердiң түпнұсқаларын жасайды. Бұл жұмысқа қабiлеттi және шығармашылық толғамды, миниатюра саласындағы тәжiрибесi бар суретшiлерге тапсырылады.
4.2. Қазақстан Республикасы почта төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiнiң түпнұсқалары Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-ның редакциялық-көркемдiк кеңесiнде қаралады және қажет жағдайда осы тақырыптағы мамандармен келiсiледi.
4.3. Почталық маркiлер мен блоктардың, ерекше маркiлi хат қалталары мен карточкалардың өндiрiске беруге дайындалған түпнұсқаларын Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тарапынан, қалған почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерi Мемлекеттiк почта тарапынан бекiтiледi.
4.4. Бүкiләлемдiк конвенциясының атқару регламентiнiң 195-бабының &1 сәйкес Қазақстан Республикасының почталық маркiлерi мен блоктарының беттерiне мiндеттi түрде мемлекет аты "Қазақстан" қазақша және латын транслитерациясы, араб цифрларымен көрсетiлген құны, шығарылар жылы қызмет бабының жазулары орналасуы тиiс. Қажет болған жағдайда почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiсiн жасап шығаруда оның төлем құнын (номинал) әрiптермен белгiлеуге жол берiледi.
Қызметтiк жазулар жақсы оқытылатындай болуы тиiс, олардың маркiлерде орналасу тәртiбi сюжеттiң композициялық шешiмiмен жазылады.
4.5. Почталық маркiлер мен блоктардың, ерекше маркiлi хат қалталары мен карточкалардың почталық айналымға енгiзiлгеннен кейiн, олардың бекiтiлген түпнұсқалары сондай-ақ баспалық жобалары Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-сына берiледi және онда тәртiпке сай сақталады. Почталық төлем белгiлерiн бастырудың мiндеттi шарты дайындаушылардың бастыру жобаларымен бекiтiлген түпнұсқаларды табыс етуi болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы почталық төлемдердiң
Мемлекеттiк белгiлерiне тапсырыс беру және
оларды тарату тәртiбi
5.1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Мемлекеттiк почтасы Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн алу үшiн Қазақстан Республикасының почталық кәсiпорындары мен халықтың қажеттiлiгi толығымен қанағаттандыруды ескере отырып, Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-на тапсырыстар жасайды.
5.2. Қазақстан Республикасының почталық төлемдерiнiң белгiлерiн алу үшiн Мемлекеттiк почтаға тапсырыстар:
18 ай бұрын маркiленген хат қалталары мен карточкаларға, 6 ай бұрын маркiлер мен блоктар, ерекше маркiлi почталық хат қалталары мен карточкаларға жоспарланған жылдың басталуынан бұрын жолданады.
Тапсырыстарға түзетулер маркiленген хат қалталары мен карточкалары үшiн жоспарланған жылдың басталуынан 6 ай бұрын, почта маркiсi мен блоктары, ерекше маркiлi почталық хат қалталары мен карточкалары үшiн 3 ай бұрын жол берiледi.
5.3. Байланыс кәсiпорындарында арнайы штемпель таңбасын қою жүргiзiлгенде оларға өздерiнiң тапсырыстарына қосымша почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерi жiберiлуi мүмкiн.
5.4. Қазақстан Республикасының почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiне тапсырыстар беру мен тарату тәртiбi қолданылып жүрген нормативтi-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн тарату олардың почталық айналымға шығарылуынан үш күн бұрын почта кәсiпорындары алатындығы ескерiлiп орындалады.
6. Қазақстан Республикасының почталық төлемдерiнiң
Мемлекеттiк белгiлерiн сату және пайдаланудан шығару
6.1. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн сатуды мемлекеттiк почта кәсiпорындары жүзеге асырады. Стандартты почталық маркiлер, маркiленген хат қалталары мен карточкалары, оның iшiнде ерекше маркiлi почталық байланыс кәсiпорындарында сатылады және олардың қорының толық пайдаланылғанына дейiн шектеусiз почталық айналымда қолданылады.
Көркемдiк почталық маркiлер мен блоктар почта кәсiпорындарында шығарылған жыл бойы және одан кейiнгi бiр жылда сатылады.
Жазулары бар почталық маркiлер мен блоктарын сату Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң оларды почталық айналымға шығару туралы бұйрықтарында көрсетiлген мерзiмде жүргiзiледi.
6.2. Коллекционерлерге қызмет көрсету үшiн почталық кәсiпорындарда Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiмен Қазақстан филателистер Одағының мүшелерiн толықтай және басшылықпен жабдықтауды қамтамасыз ететiн абонементтiк қызмет ұйымдастырылады.
Облыстық мемлекеттiк почта кәсiпорындары, почтамптар халыққа абонеметтiк қызмет көрсететін байланыс бөлiмшелерiн және филателистiк абонементтi ұйымдастыру тәртiбiн анықтайды.
Қазақ маркiлерiнiң абонементтерi тек жеке тұлғаларға ғана жiберiледi. Абонемент бойынша филателистке почталық маркiлер мен блоктардың, почталық ерекше маркiлi хат қалталары мен карточкалар 6 данасы, кiшi беттi почта маркiлерi мен басқа да шағын таралымды материалдардың бiр данасы берiледi. Қазақстан филателистер Одағын почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiмен қамтамасыз ету тәртiбi Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-сы тарапынан анықталады.
6.3. Облыстық мемлекеттiк почта кәсiпорындары көркем маркiлерiмен, сондай-ақ шектеулi таралыммен шығарылған басылымдармен бiрiншi кезекте абонементтер бойынша маркiлер сатуға бөлiнген почталық кәсiпорындарын қамтамасыз етуге мiндеттi.
6.4. Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бұйрығымен 6.1. тармағында көрсетiлген мерзiмнiң бiтуiне орай көркем маркiлер мен блоктар почталық кәсiпорындардан сатылудан алынып, Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-на филателистiк өнiмдердi iрiктеп алу мен резервтi қалыптастыру үшiн қайтарылады.
6.5. Почталық байланыс кәсiпорындарындағы сатудан алынған көркем почталық маркiлер мен блоктар қолданылып жүрген почталық тарифтерге сәйкес iшкi және халықаралық корреспонденцияларды төлеу үшiн жарамды деп танылады.
6.6. Қазақстан Республикасы почталық төлемдерiнiң Мемлекеттiк белгiлерiн почталық айналымынан шығару Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Бұйрығымен ерекше жағдайда жүргiзiледi. Почталық айналымнан шығарылған почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерi қысқа мерзiмде белгiленген тәртiпте жойылады. Жою туралы актiлердiң көшiрмелерi бекiтiлгеннен кейiн апталық мерзiмде Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-сына жiберiледi.
6.7. Почталық айналымнан сатудан алынған почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерi филателистiк коллекциялық өнiмдер болып табылады және Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-сы арқылы таратылады.
6.8. Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Мемлекеттiк почтасы кәсiпорындарының почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiне тапсырыстарын қамтамасыз етуден басқа, филателистiк тауарларды, сондай-ақ почта төлемдерiнiң белгiлерi олардың почталық айналымға шыққан сәтiнен бастап, басқа да заңды және жеке тұлғаларға сатуды жүзеге асырады. "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығы заңды және жеке тұлғаларға Мемлекеттiк почтаға қатысы жоқ сауда жеңiлдiгiн жасаған жағдайда почталық төлем белгiлерiнiң бөлшек саудадағы бағасының олардың көрсетiлген құнынан артық болмауын қамтамасыз етуi тиiс.
Почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiн сырттық саудаға шығарылуы тек қана Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО тарапынан бекiтiлген немесе оның тапсыруы бойынша шетелдiк әрiптестермен жасалынған келiсiмге сәйкес жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының арнайы почталық
штемпельдерi
1. Жалпы ережелер
1.1. Арнайы почталық штемпельдер (АПШ) ескерткiштiк штемпельдер болып табылады және мемлекеттiк маңызды оқиғаларға, тарихи және ескерткiш орындар мен күндерге, көрмелер мен т.т. арналған шараларды өткiзуге почталық төлемдердiң белгiлерiне штемпель таңбасын қою үшiн қолданылады.
1.2. Арнайы почталық штемпельдердi тiкелей жоспарлау мен дайындау Қазақ "Қазбайланысмарка" Баспа-сауда орталығына жүктеледi.
1.3. Арнайы почталық штемпельдер бекiтiлген және ауыспалы күнтiзбелiк даталармен шығарылады.
2. Қазақстан Республикасына арнайы почталық штемпельдерiн жасаудың тақырыптық жоспарын қалыптастырудың жалпы қағидалары:
2.1. АПШ дайындау жоспарларын Қазақ "Қазбайланысмарка" Баспа-сауда облыстық мемлекеттiк почта кәсiпорындарының тапсырыстары мен мемлекеттiк, қоғамдық және басқа да кәсiпорындардың, ұйымдардың, Қазақстан филателистер Одағы мен жекелеген тұлғалардың ұсыныстары негiзiнде бiр жылға жасайды.
Қазақ "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығы жоспарланған жылдың алдындағы 1 мамырына дейiн келiп түскен тапсырыстар қарауға қабылданады.
2.2. АПШ-ның жалпы саны бiр жылда 20 дан аспауы тиiс, осы жағдайда бiр байланыс кәсiпорны үшiн "Бiрiншi күннiң" штемпельдерiн есептемегенде екеуден артық емес (Алматы мен Ленинск байланыс кәсiпорындары үшiн 6-дан аспауы тиiс) арнайы почталық штемпельдерi дайындалады.
2.3. Жоспардан тыс арнайы почталық штемпельдердi жасау почталық эмиссиялар жөнiндегi Комиссия алдын ала қарастырғаннан кейiн Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жарлығы негiзiнде жүзеге асырылады. Жоспардан тыс арнайы почталық штемпельдерiн жасау жөнiндегi ұсыныстар АПШ-тың қолдану датасына дейiнгi 4 айдан кешiктiрiлмей қарауға қабылданады.
2.4. Арнайы штемпельдер жасаудың жыл сайынғы жоспарының жобасы Қазақ "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығы тарапынан жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң почта эмиссиялары жөнiндегi Комиссиясына тапсырылады.
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң почта эмиссиясы жөнiндегi Комиссия айтылған жобаны қарастырады және оны бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынады.
2.5. Арнайы почта штемпелi Қазақ "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығы бекiткен түпнұсқаға сәйкес жасалынады.
Текстерi мен кескiндерi бiрдей бiрнеше АПШ жасалған жағдайлардың әрқайсысының бiр-бiрiнен цифрлық немесе әрiптiк айырмашылықтары болуы тиiс.
2.6. Қазақстан аумағындағы почта кәсiпорындарына арналып жасалынған АПШ-лардағы байланыс кәсiпорнының аттары қазақ тiлiнде көрсетiледi.
2.7. Арнайы почталық штемпельдер Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк почта бұйрығымен пайдалануға шығарылады және белгiленген тәртiпке сай байланыс кәсiпорындарына таратылады. Бұйрықта АПШ-ның аты, қолданылатын уақыты және орны, пайдаланылатын пастаның түсi көрсетiлiп штемпель бетiндегi суреттерге қысқаша сипаттама және авторы туралы мәлiметтер берiлуi тиiс.
2.8. Қазақ "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығы маркiлерге арнайы почта штемпельдерiн қоюды ұйымдастырудан бiр ай бұрын оның өткiзiлетiн орны, арнайы почта штемпелiнiң қолдану мерзiмi, шығарылатын почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерi және қосалқы филателистикалық материалдар туралы облыстық мемлекеттiк почтаны және Қазақстанның филателистер Одағын хабардар етедi.
2.9. Арнайы почта штемпельдерiн есепке алу тәртiбi Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-ның бұйрығымен анықталады.
3. Қолдану тәртiбi
3.1. Қазақ "Қазбайланысмарка" БСО-сы арнайы почта штемпельдерiн оларды қолданатын мекемелерге маркiлердi арнайы өшiрудiң өткiзiлуiнен үш күн бұрын алынатындай есеппен жiбередi.
3.2. Маркiлерге арнайы почта штемпельдерiн қою мемлекеттiк почта бұйрығында көрсетiлген нақтылы байланыс кәсiпорны тарапынан сол бұйрықта штемпельдi қолдануға енгiзу туралы көрсетiлген мерзiм iшiнде iске асырылады.
3.3. Арнайы почта штемпелi Қазақстан Республикасы территориясында почталық айналымда жүрген почталық төлем белгiлерiне қойылады. Арнайы почта штемпелi шығыс корреспонденцияларды жөнелтуге қабылдау кезiнде орындалады.
Айналымнан бұрын өткен почталық төлем белгiлерiне және шет елдiк филателиялық материалдарға АПШ қойылмайды. Таза парақ қағаздарға адрессiз АПШ белгiсiн қоюға жол берiледi.
3.4. Арнайы почта штемпелiн қоюды жүргiзетiн кәсiпорыны АПШ-ны қолдану мерзiмi және орны туралы халықты хабардар етедi.
3.5. Арнайы почта штемпелiн қою жұмысын жүргiзуден күн бұрын байланыс кәсiпорындарында өшiрiлуi тиiстi почталық жөнелтiлiмдердi салуға арналған арнайы жәшiктер орналастырылады.
АПШ қойылғаннан кейiн ол жөнелтiмдер адресаттарға жiберiледi.
3.6. Почта кәсiпорын сұраныс жасаған басқа аймақтардан келiп түскен корреспонденцияларды да арнайы штемпель қоюға мiндеттi.
АПШ-ны дұрыс пайдалану және сақтау мiндеттерi iске асыратын почта кәсiпорнының бастығына жүктеледi.
4. Сақтау тәртiбi
4.1. Арнайы почтаға штемпелi почта кәсiпорындарында белгiленген тәртiпке сәйкес сақталады және ол аяқталғасын келесi күнi Қазақ "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығына жiберiлуi тиiс.
4.2. Почта кәсiпорындарынан штемпельдер келiп түскесiн Қазақ "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығы сауда жүйесiнiң, Қазақстан филателистер Одағының, шетелдер фирмаларының сұраныстары бойынша филателиялық материалдарға арнайы почта штемпельдерiн қою жұмысын жүргiзедi, сосын АПШ-ларға олардың iстен шығарылу белгiлерi соғылады, одан соң Қазақ "Қазбайланысмарка" орталығында сақталуға қалдырылады.
Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлiгiнiң
1994 жылдың 9 желтоқсанындағы
N 198 бұйрығына N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi жанындағы почталық эмиссиялар жөнiндегi
Комиссияның құрамы
1. Эмиссиялық саясаттың қағидаларын анықтаудың, почталық төлемдердiң Мемлекеттiк белгiлерiн басып шығарудың тақырыптық жоспарларының жобасын қарау үшiн почталық эмиссиялар жөнiндегi Комиссия мына құрамда құрылысын:
Базылов Қ.Б. - Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң орынбасары, Комиссия
төрағасы
Шаймұханов С.Д. - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi байланыс департаментi
директорының 1-шi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Айбасов Ю.Х. - сәулетшi, Қазақстан Республикасы
Құрылыс министрлiгiнiң елдi мекендердi жоспарлау және құрылыс
жүргiзу жетекшi басқармасының
бастығы
Бекдаирова С.Қ. - "Қазбайланысмарка" БСО-ның бастығы
Доронина В.К. - Қазақстан филателистер Одағы
Басқармасының төрағасы
Жазықбаев Ә.Қ. - Мемлекеттiк почтаның бастығы
Лесин А.М. - "Қазбаспасөз" бастығы
Романов Ю.И. - Қазақстан Республикасы
Ғ.А.-Ш. Уәлиханов атындағы тарих,
архиология және этнография институты
директорының орынбасары
Тұяқбаева Б.Т. - Қазақстан Республикасы Мәдениет
министрлiгiнiң Қазжобажаңғыртудың
директоры
Шотқалиев М.Қ. - Байланыс департаментiнiң бөлiм
меңгерушiсi,
Жүсiпова Р.Т. - Алматы почтампының бастығы
2. Комиссия жылына бiр рет мәжiлiс өткiзедi және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне бекiтуге құжаттар жиынтығын ұсынады.
3. Почталық эмиссияларды анықтауда комиссия өз жұмысында бiрiншi кезекте мына жағдайларда ескередi:
- маңызды республикалық және халықаралық оқиғаларды;
- Қазақстанның халықаралық оқиғаларға қатысуы;
- Қазақстанның айрықша мерейтойлар жағдайындағы танымал
тұлғалары;
- Қазақстандағы қалалардың сәулет ескерткiштерiнiң мерейтойлары;
- өзектi оқиғалар, қоғамдық-саяси мақсаттары мен маңызды шаралар.