"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемелерінің жүзу құқығы жөніндегі уақытша ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231
қаулысына
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1993 жылғы 18 маусымдағы N 245 өкіміне сәйкес, саудалық теңізде жүзуді ұйымдастыру үшін жағдай жасау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемелерінің жүзу құқығы жөніндегі уақытша ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысы басшылыққа алынсын және орындалсын.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес теңіз сауда порттарындағы кемелерді тіркеу Ережелері бекітілсін.
3. "Ақтау" Халықаралық теңіз көлігі компаниясының дирекциясы (В.И.Воробьев) мынадай нысандағы қажетті бланкілер санын дайындауға тапсырыстың орындалуын қамтамасыз етсін:
а) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысының қосымшасына сәйкес:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемесінің жүзу құқығы туралы куәлік (кеме патенті) - N 1 Қосымша;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемесінің жүзу құқығы туралы уақытша куәлік - N 2 Қосымша;
- бербоут-чартер шартымен жалданған шетелдік теңіз сауда кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемесінің жүзу құқығы туралы уақытша куәлік (экипажы жоқ кемені жалдау шарты) - N 3 Қосымша.
б) осы бұйрықпен бекітілген теңіз сауда порттарындағы
кемелерді тіркеу Ережелерінің қосымшаларына сәйкес;
- Мемлекеттік кеме реестрі - N 1 қосымша;
- Кемеге меншіктік құқық туралы куәлік - N 2 Қосымша;
- Кеме кітабы - N 3 Қосымша;
- Кеме билеті - N 4 Қосымша;
- Бербоут-чартер реестрі - N 5 Қосымша;
- Кеме реестрінің анкетасы - N 6 Қосымша.
4. Осы бұйрықтың шығуына байланысты мыналар күшін жойды деп есептелсін:
- Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 1992 жылғы 21 қыркүйектегі N 51 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 1993 жылғы 31 тамыздағы N 90 бұйрығының 1 және 2 тармағы.
Министр
1. Теңіз сауда кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы ашық теңізде кеменің Қазақстан Республикасының заңдарына бағыну ерекшелігін білдіреді. Шетел суларында жүзу кезінде ол Қазақстан Республикасының консулдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қорғауында болады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығымен мынадай меншіктегі теңіз сауда кемелеріне беріледі:
мемлекеттің;
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының;
бірлескен кәсіпорында ұлттық капиталдың үлесі 51 процентті құраған кезде шетелдіктердің қатысуымен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен; Қазақстан Республикасының азаматтарымен.
3. Теңіз сауда кемесі кеме иесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Куәлікті (кеме патенті) алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығына ие болады. Мемлекеттік кеме реестріне енгізілген соң Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен Куәлік беріледі (N 1 Қосымша).
4. Шетелде сатып алынған теңіз сауда кемесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығына сатушы елде уәкілденген Қазақстан Республикасының консулымен берілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Уақытша куәлік негізінде ие болады. Сатушы елде Қазақстан Республикасының консулы болмаған кезде осы мемлекет жағынан қарсылық болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасымен екінші мемлекеттегі немесе үшінші мемлекеттегі консульдық мекемемен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Уақытша куәлік беріледі. Уақытша куәлік теңіз кемесін белгіленген тәртіппен тіркегенге дейін, бірақ 6 айдан асырмай пәрменді болады.
5. Мемлекеттік кеме реестрінде Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теңіз және Өзен Регистрімен немесе олармен мақұлданған шетелдік жіктеу органдарымен техникалық қадағалау жүзеге асырылатын жалпы сыйымдылығы кемінде 80 регистрлік тонна болатын кемелер тіркеледі. Мемлекеттік кеме реестріне кемені енгізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Куәлікті (кеме патенті) және Кемеге меншіктік құқық туралы Куәлік (N 2 Қосымша) берумен куәландырылады.
Мемлекеттік кеме реестріне енгізілуге жатпайтын кемелер кеме билеті (N 4 Қосымша) беріле отырып, кеме кітабында (N 3 Қосымша) тіркеледі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығын береді және кемеге меншіктік құқықтың дәлелі болады.
Жағалау жүзулерде ғана пайдаланылатын сыйымдылығы кемінде 25 регистрлік тонна болатын кемелер міндетті тіркеуге жатпайды.
6. Мемлекеттік кеме реестріне және кеме кітабына қайсыбір кеменің жабдығы болып табылатын сылыптар және өзге жүзу құралдары енгізілмейді.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы уақытша берілген бербоут-чартер (кемені экипажсыз жалдау) жағдайында теңіз сауда кемесі негізгі тіркеу мемлекетінің кемелер реестрінде оны тіркеу тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының теңіз немесе өзен порттарының бірінде бербоут-чартерлік (N 5 Қосымша) реестрде тіркелуі тиіс.
Бербоут-чартер жағдайымен жалданған кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығын беру бербоут-чартер шартында жалданған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығын уақытша беру туралы Куәлікпен куәландырылады.
8. Теңіз сауда кемелерін тіркеу Қазақстан Республикасының теңіз сауда және балық порттарындағы капитан қызметтерімен жүзеге асырылады.
Теңіз сауда кемесіне Меншіктік құқық туралы куәлік және кеме билетін беру кемені тіркеу органымен жүзеге асырылады.
Теңіз сауда кемесінің жүзуге жарамдылығы туралы Куәлік, біліктілік куәлігі, өлшем куәлігі, сондай-ақ жүк маркасы туралы куәлік Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теңіз және Өзен Регистрімен немесе онымен мойындалған шетелдік білікті органмен беріледі.
9. Теңіз сауда кемесін тіркеу және Мемлекеттік кеме реестріне немесе кеме кітабына кез келген өзгерістер енгізу, сондай-ақ Ереженің 8 тармағында көрсетілген құжаттарды беру үшін белгіленген алымдар алынады.
10. Шетел мемлекетінің реестрінде тіркелген теңіз сауда кемесі осы мемлекеттің реестрінен шығарылғаннан кейін және кеменің шығарылғандығы немесе жаңа тіркеу жүргізілетін сәтте жедел реестрден шығарылатындығын растайтын куәлікті ұсынғанда Қазақстан Республикасының теңіз сауда немесе балық портының біріндегі Мемлекеттік кеме реестрінде немесе кеме кітабында тіркелуі мүмкін.
Кеме Мемлекеттік кеме реестрінен белгіленген тәртіппен шығарылмаған шетел мемлекетінің кеме реестрінде қазақстандық кемені тіркеудің заңды күші болмайды.
II. ТЕҢІЗ САУДА ПОРТТАРЫНДА КЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
11. Меншіктік құқықпен кеме сатып алған кез келген тұлға бір айдың ішінде кеменің өзін және оған меншіктік құқықты Мемлекеттік кеме реестрінде немесе кеме кітабында тіркеуге міндетті.
Кеме шетелде сатып алынған болса, Қазақстан Республикасының портына кеме бірінші рет келген күннен бастап бір айдың ішінде тіркеу туралы өтініш берілуі тиіс.
Тіркеу туралы өтініште кеме реестрінің анкетасына (N 6 Қосымша) мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
а) кемеге меншіктік құқықты растайтын құжат;
б) өлшем куәлігі;
в) кеменің жүзуге техникалық жарамдылығы туралы куәлік;
г) біліктілік куәлігі.
Мемлекеттік кеме реестрінде немесе кеме кітабында кемені тіркеу кезінде оған тиісті тіркеу нөмірімен қоса қажетті куәліктер беріледі. Кеме кітабына енгізілген кеменің тіркеу нөміріне "К" әрпі қосылады.
Кемені бербоут-чартер шартында тіркеген кезде кеме реестрінің анкетасындағы мәліметтерден басқа мынадай қосымша мәліметтер болады:
а) кеменің тіркелген порты;
б) негізгі тіркеу мемлекетіндегі тіркеу тоқтатылған күні;
в) жалдаушының аты мен мекен-жайы.
12. Мемлекеттік кеме реестрінде әрбір кемеге жеке парақ арналады. Кеме кітабына кемелер туралы мәліметтер кемелердің тіркелуіне қарай тізбеленіп ешқайсысы жіберілмей жазылады.
Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан кеме алынып тасталғанда шығарылған кеменің тіркеу нөмірі жаңа кемені тіркеуге пайдаланылуы мүмкін.
13. Мемлекеттік кеме реестріне енгізілген кемеде мыналар анық белгіленеді: кеменің тұмсық жағынан сол және оң борттарда - кеменің аты; кеменің артында - кеменің, тіркелген портының аты және тіркеу нөмірі. Кеме кітабына енгізілген кемеде - тіркелген портының аты мен тіркеу нөмірі (көрнекті жерде).
14. Кеменің атын өзгерту Саудамен теңізде жүзу кодексінде көрсетілген тәртіппен жүргізіледі. Мемлекеттік кеме реестрінде тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана кеменің жаңа аты борты мен артында жазылады.
15. Кеменің меншіктік құқығы немесе оған меншіктік құқығы үлесі ауысқан кезде (сату, мұрагерлік, мүлік бөлу мен т.б.) Мемлекеттік кеме реестріне немесе кеме кітабына меншіктік құқықты тіркеу күні көрсетіле отырып, тиісті өзгерістер енгізіледі және Меншіктік құқық туралы куәлік немесе жаңа меншік иесінің атына жазылған кеме билеті беріледі.
16. Мемлекеттік кеме реестріне, кеме кітабына немесе бербоут-чартер реестріне енгізілуге жататын кез келген өзгерістер, мәліметтер туралы кеменің меншік иесі немесе бербоут-чартер бойынша жалдаушы ақпарат алған күннен бастап екі аптаның ішінде кемені тіркеу органына хабарлауға міндетті. Осындай мәліметтер бермеген кеме иелері белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
III. МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ РЕЕСТРІНЕН НЕМЕСЕ КЕМЕ КІТАБЫНАН
КЕМЕЛЕРДІ АЛЫП ТАСТАУ
17. Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан мына кемелер алынып тасталады:
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығын жойған;
б) суға батқан, толық қаусаған немесе із-түзсіз жоқ болған;
в) конструктивтік мерт болған;
г) қайта құру немесе өзге өзекті өзгерістерге ұшыраған;
д) тіркеу порты өзгерген.
18. Осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген себептермен Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан кемені алып тастау үшін кеме иесі бұл туралы дер кезінде кемені тіркеу орны бойынша Порттық бақылау инспекциясына порт капитанының атына жазбаша өтінішпен хабарлауға міндетті.
19. Осы Ереженің 17 тармағындағы "а", "б", "в", және "г" тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кеме иесі кемені Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан шығару туралы өтінішке қоса кемемен бірге мерт болмаған құжаттар болса, соларды қоса беруі тиіс.
20. Осы Ереженің 17 тармағының "д" тармақшасында көрсетілген жағдайда, кеме иесі Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан кемені алып тастау туралы өтініштен және осы Ереженің 11 тармағында көрсетілген басқа құжаттардан басқа жаңа тіркеу орны бойынша Порттық бақылау инспекциясына кеме патенті мен кемеге меншіктік құқық пен кеме билетін ұсынады.
Осы Ереженің 11 тармағында көрсетілген тәртіппен кемені Мемлекеттік кеме реестріне немесе кеме кітабына енгізілгеннен кейін кемеге аталмыш жаңа құжаттар беріледі.
Жаңадан тіркеу портының Порттық бақылау инспекциясымен бұрынғы құжаттар оларды берген Порттық бақылау инспекциясына қайтарылады.
21. Кеме құжаттары жоғалтылған жағдайда кеме патентінің көшірмесі, кеменің меншіктік құқығы туралы куәлігі немесе кеме билетінің көшірмесі кеме иесіне осы құжаттарды берген Порттық бақылау инспекциясының олардың жоғалу себебін қарауынан және баспада жоғалған құжаттардың пәрмендік күші жойылғанын жариялағаннан (кеме иесінің есебінен) кейін ғана көшірмелер беріледі. Құжаттың мерт болғаны белгіленгенше Порттық бақылау инспекциясының шешімімен баспаға жарияланбауы мүмкін.
*
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231
қаулысымен
бекітілген.
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне
N 1 қосымша
МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІ
____________________________________________________________________
1. р/саны
2. Енгізу күні мен тіркеу нөмірінің реті N
3. Қазіргі және бұрынғы тіркеу порты
4. Кемедегі спутник байланысының сәйкес нөмірі мен кеме
радиостанциясының шақыру дабылы
5. Кеменің қазіргі және бұрынғы аты
6. Бұрынғы тіркеуді жойған күні
7. Кеме меншік иесі, мекен-жайы және ұлты
8. Кеме иесі, мекен-жайы
9. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі
10. Жасалған жылы мен орны, жоба нөмірі
11. Кеме түрі мен міндеті, жүзу ауданы
12. Жүк көтерімділігі
13. Сыйымдылығы
14. (жалпы/таза)
15. Ұзындығы, ені және тереңдігі
16. Батыңқылығы
17. Корпустың материалы
18. Жүзу жылдамдығы, уал
19. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты, қозғағышының түрі мен
бұранда саны
20. Жолаушы орнының саны
21. Жүк трюмдерінің саны
22. Су өткізбеу бөлгіштерінің саны
23. Палуба саны
24. Тонна зерделеу жиынтығы
25. Ескерту
26. р/с
____________________________________________________________________
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне
N 2 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
(
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
)
КЕМЕГЕ МЕНШІКТІК ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК
Теңіз кемежайы басқармасының кеме тізіліміне 199 __ " __ "_________
(жылы) (күні) (айы)
N _____ болып енгізілген мәліметтер негізінде ________ кемесі
_________ меншігінде екендігі нақты куәландырылады.
Аталған кемеге қатысты кемелер тізілімінде мыналар көрсетілген:
1. Кеменің атқаратын міндеті мен түрі_______________________________
2. Шақыру дабылы____________________________________________________
3. Жасалған мерзімі мен орны________________________________________
4. Негізгі материалы________________________________________________
5. Төменде көрсетілген орында және уақытта берілген өлшем
________________________ 199 __ "___" ____________ N ________
(мекеменің аты- жылы күні айы нөмірі
куәлігі бойынша негізгі мөлшерлері:
Ұзындығы _______________ толық ____ рег. тонна
Ені ___________________ Сыйымдылығы
Тереңдігі __________________ таза ____ рег. тонна
6. Қозғалтқышының түрі, машиналар саны мен қуат күші________________
7. Кеме бұрын шетел жалауының астында жүзген болса, оның сол
кездегі аталуы және тіркелген порты
____________________________________________________________________
Теңіз сауда кодексінің негізінде бұл кеме куәлігі ________ кемесіне
_______ құқығының ерекше дәлелі болып табылады.
Кеме куәлігінің түпнұсқасы кемеде, ал оның нотариалдық түрде
куәландырылған көшірмесі____________________________________________
порттың басқармасында сақталады. _________________________ кемесі
Қазақстан Республикасы жалауы астында жүзу құқығынан айырылған
жағдайда немесе Қазақстан Республикасының теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу туралы ережелерде көрсетілген басқа жағдайлар бола
қалса, кеме куәлігі, ___________ теңіз портының басқармасына қайта
тапсырылуы тиіс.
Куәлік __________ қаласында ____________ портының
Басқармасында 199 ____ " ___ " _______________ айында мөр басылып
(жылы) (күні) (айы)
N ______ берілді.
М.О. _______________ портының капитаны
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне
N 3 қосымша
КЕМЕ КІТАБЫ
____________________________________________________________________
1. р/саны
2. Енгізу күні мен тіркеу нөмірінің реті N
3. Тіркеу порты
4. Кеменің қазіргі және бұрынғы аты
5. Бұрынғы тіркеу порты және бұрынғы тіркеуді жойған күні
6. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі
7. Меншік иесі, мекен-жайы және ұлты
8. Кеме иесі, мекен-жайы
9. Кеме түрі мен міндеті, жүзу ауданы
10. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты, қозғағышының түрі мен
бұранда саны
11. Жасалған жылы мен орны, жоба нөмірі
12. Корпусының материалы
13. Өлшемі (м): ұзындығы
14. Ені
15. Тереңдігі
16. Сыйымдылығы: жалпы
17. Таза
18. Жүк көтерімділігі
19. Батыңқылығы
20. Ескерту
21. р/с
____________________________________________________________________
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне
N 4 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
(
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
)
КЕМЕ БИЛЕТІ
Осы кеме билеті теңіз сауда портының ________________ басқармасымен
осы порттың кеме кітабына енгізілген кеме__________ иелігіне жатады.
Аталған порттың кеме кітабіндағы N ________ кемеге ________________
қатысты:
1. Кеменің аты мен түрі ____________________________________________
2. Жүзу ауданы ____________________________________________
3. Қозғалтқышының түрі, бұранда саны _______________________________
4. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты____________________________
5. Негізгі материалы________________________________________________
6. Негізгі өлшемі _________________________________________________
ұзындығы __________________________________________________
ені __________________________________________________
тереңдігі (жүгі жоқ)______________________________________________
Жүгімен батыңқыштығы_____________________________________________
Сыйымдылығы _____________________________________________
7. Жүк көтерімділігі (шекті жүк салмағы) ____________________өзен)
____________________(теңіз) ________________ тонна.
8. Жасалған жері мен уақыты, жобаның N ___________
9. Кеме иесі, мекен-жайы____________________________________________
10. Бұрынғы тіркелген порты_________________________________________
11. Кеменің бұрынғы аты _________________________________________
12. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі________________________
Осы кеме билеті кемеге меншіктік құқықтың дәлелі болып табылады
_______________және осы кеменің Қазақстан Республикасының жалауымен
жүзуге құқық береді.
Қазақстан Республикасының жалауының астында_______________ жүзу
құқығын кеме жоғалтқан немесе теңіз сауда порттарында кемелерді
тіркеу туралы ережелерде көрсетілген өзге жайларда кеме билеті теңіз
сауда портының __________________ басқармасына қайтарылады.
199 ___ жылғы _________ ___________ ___________ теңіз сауда
портының басқармасында берілген.
М.О.
Порт капитаны (қойылған қолы)
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне
N 5 қосымша
БЕРБОУТ-ЧАРТЕРЛІК ТІЗІЛІМ
____________________________________________________________________
1. р/саны
2. Енгізу күні мен тіркеу нөмірінің реті
3. Тіркеу порты кеменің аты
4. Кемедегі спутник байланысының сәйкес нөмірі мен кеме
радиостанциясының шақыру дабылы
5. Меншік иесі, мекен-жайы және ұлты
6. Мемлекеттік негізгі тіркеуде тіркеу барысын тоқтатқан күн
7. Жалдау кезіндегі тіркеу порты
8. Жалдаушы және оның мекен-жайы
9. Кеме түрі мен міндеті, жүзу ауданы
10. Жасалған жылы мен орны
11. Жүк көтерімділігі
12. Сыйымдылығы: жалпы
13. Таза
14. Ұзындығы, ені және тереңдігі
15. Батыңқылығы
16. Корпусының материалы
17. Жүзу жылдамдығы, уал
18. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты, қозғағышының түрі мен
бұранда саны
19. Жолаушы орнының саны
20. Жүк трюмдерінің саны
21. Су өткізбеу бөлгіштерінің саны
22. Тонна зерделеу жиынтығы
23. р/с
____________________________________________________________________
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне
N 6 қосымша
КЕМЕ ТІЗІЛІМІНДЕГІ АНКЕТА
1. Кеменің аты_____________________________________________________
2. Кемедегі спутник байланысының сәйкестік нөмірі___________________
3. Кеме радиостансасының шақыру дабылы _____________________________
4. Түрі мен міндеті ________________________________________________
5. Меншік иесі, мекен-жайы және ұлты________________________________
6. Жүзу ауданы _____________________________________________________
7. Мөлшері: ұзындығы ___________ м, ені _______ м, тереңдігі_____ м.
8. Жалпы сыйымдылығы _____________ р.т., таза ______________
9. Жүк көтерімділігі ________________ (өзен) ______________ (теңіз)
10. Жүгі жоқ батыңқылығы _________________ , жүгімен______________
11. Су бетіндегі борт биіктігі______________________________________
12. Жасалған жылы мен орны _______________________________________
13. Негізгі материал _________________
14. Палуба саны __________________
15. Басты қозғалтқышының жасалған орны мен түрі____________________
16. Басты қозғалтқышының қуаты _________________________________
17. Жүру жылдамдығы _________________________________
18. Қозғағышының түрі мен бұранда саны _________________________
19. Жоба N __________________
20. Тұщы су цистернасының сыйымдылығы __________________________
21. Жүк трюмдерінің саны мен оның көлемі _______________________
22. Жүк құралдары _________________________
23. 1 сынып жолаушы орны _____, 2 сын. ___, 3 сын. _____________
24. Су өткізбеу бөлгіштерінің саны _____________________________
25. Радиостанса мен оның қуаты _________________________
26. Май цистерналарының сыйымдылығы _______________________
27. Құтқару сылыптарының саны _________________________
28. Руль қондырғысы _________________________
29. Зәкір қондырғысы _________________________
30. Су шашу және өрт сөндіру құралдарының қуаты мен саны____________
31. Бұрынғы тіркелген порты_________________________________________
32. Бұрынғы тіркеуді жойған күні____________________________________
33. Кеменің бұрынғы аты __________________________________________
34. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі________________________
35. Өлшеу куәлігінің N және кіммен берілгендігі_____________________
36. Жолаушы куәлігінің N және кіммен берілгендігі___________________
37. Жүзуге жарамдылық куәлігі және оның мерзімі_____________________
38. Кеме иесі мен оның мекен-жайы___________________________________
_________________________________________
39. Кеме капитанының қолы _________________________________________