Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн ашық аукциондарда сату тәртiбi туралы Уақытша ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1995 жылғы 10 қарашадағы N 148 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 22 қараша N 5 тіркелді. Күші жойылды - ҚР жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996.02.07 N 37 қаулысымен. ~V960153

      1993-1995 жылдарға (2 кезең) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасын iске асыру және акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн ашық аукциондарда ақша қаражатына сатуды нәтижелi жүзеге асыру мақсаттарында, Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
      Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 9-тамыздағы N 60 Қаулысымен V950106_ бекiтiлген және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiмен 1995 жылғы 25-шiлдеде келiсiлген, акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату тәртiбi туралы Уақытша ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      I тараудағы "Жалпы Ережелерге":
      1. 42-баптағы:
      "б" - тармақшасындағы "олардың алғашқы, негiзгi, тәуелдi және артықшылықтары бар адамдары" деген сөздер алынып тасталсын;
      "д" - тармақшасындағы "және оның алғашқы, негiзгi тәуелдi және артықшылықтары бар адамдары" деген сөздер алынып тасталсын;
      III тараудағы "Аукционды өткiзуге дайындық":
      3.2. 1-баптағы "45 күн" деген сөздер "30 күн" деген сөздерге ауыстырылсын;
      3.2. 4-баптағы, "а" - тармақшасындағы "осы АҚ-ның акцияларын сатып алған, бiрақ акционерлер тiзiмiне қосылмаған инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы ақпаратты қоса отырып, (сатушының осы АҚ-ды аукционға шығару туралы шешiм қабылдау күшiне) дауыс берушi акциялардың кем дегенде 5%-не ие акционерлер туралы акционерлер тiзiмiнен көшiрмедегi" деген сөздер алынып тасталсын. VI тараудағы "Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан түскен қаражаттар". 6. 1-бап мына редакцияда жазылсын: "Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан түскен қаражаттар арнайы шоттарға салынады және сауданы ұйымдастыру мен өткiзуге шыққан шығындарды өтегеннен кейiн толық мөлшерде Республикалық бюджеттiң табысына жiберiледi". 2. Осы қаулының орындалуына бақылау Жаппай жекешелендiрудiң жетекшi басқармасына жүктелсiн. Төраға
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады