Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдар мен осындай бұйымдардың сынықтарын сатып алу пункттерi жұмысының Ережесiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және Сауда Министрлiгi 1995 жылғы 9 қазан N 201-п Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 7

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20-шiлдедегi U952372_ "Бағалы металдар және тастармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы" заңдық күшi бар Жарлығына нормативтiк актiлердi сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. "Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдардың сынықтарын сатып алу пункттерi жұмысының Ережесiне" V940081_ мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1.1-тармақ. Бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдарды және осындай бұйымдардың сынықтарын сатып алу пункттерi меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан зергерлiк бұйымдардың сатылуын жүзеге асырушы сауда кәсiпорындарында немесе жекелеген сатып алу пункттерiнде ұйымдастырылады".
      1.2-тармақ алынып тасталсын.
      2. "Қазақзергер" республикалық бөлшек сауда кәсiпорнымен жергiлiктi жерлердегi сауда басқару органдары осы бұйрықты тиiстi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзетiн болсын.
 
      Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады