"Жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 және " Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 Нұсқаулықтарға енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 367. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 9. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      12. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының Нұсқаулықтарының кейбiр тармақтарына өзгерiстер және толықтыруларды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 367 V950009_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
      1. "Жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 V950075_ Нұсқаулық:
      1) 18-тармақ "Салықты төлеу жер учаскелерi орналасқан орын бойынша жүргiзiледi" деген сөйлеммен толықтырылсын.
      2) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауыл шаруашылығынан тыс жердi пайдаланушылар - заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 20 ақпанында, 20 мамырында, 20 тамызында және 20 қарашасында тең үлестермен төлеп отырады.
      1995 жылы ауыл шаруашылығынан тыс жердi пайдаланушылар жер салығының жылдық сомасының үштен екi бөлiгi мөлшерiндегi алғашқы жарнаны бұның алдындағы төлемдердi төлемегенi үшiн өсiм есептемей 20 тамызда, жер салығының барлық қалған бөлiгiн 20 қарашада төлейдi.
      Салықты төлеу жер учаскелерi орналасқан орын бойынша жүргiзiледi".
      3) 33-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сәулет және қала құрылысы туралы" 1993 жылғы 22 қазандағы N 2473 Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй қорын, қоғамдық үй-жайлар мен ғимараттар, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймақтарын орнатуды қажет етпейтiн жекелеген коммуналдық және өндірiстiк объектiлер орналастыруға арналған елдi мекен аумағының бiр бөлiгi қоныс аумағы деп ұғынылады;
      4) 61-тармақтың бiрiншi абзацы "сондай-ақ жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi орналасқан" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 62-тармақта:
      - 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар, кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын және жалға берiлген жер учаскелерiнен басқа";
      - 3) тармақша "(кәсiпорындарынсыз)" деген сөздерден кейiн "Қазақстан

 

Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест Ұлттық қоғамы

(кәсiпорындарынсыз), балалардың қайырымдылық қорлары (кәсiпорындарынсыз),

кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын және жалға берiлген жер

учаскелерiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын, "ӘАФКЕҚ Орталық

Комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;

     6) N 3 қосымшада ставкалар кестесiндегi төртiншi және бесiншi

бағаналардағы мына сандар:

     1-ге дейiн         5 - 125,0

     1 - 25,0           6 - 150,0

     2 - 50,0           7 - 175,0

     3 - 75,0           8 - 200,0

     4 - 100,0          9 - 225,0

тиiсiнше мына сандармен ауыстырылсын:

     0 - 25,0           5 - 137,5

     1 - 47,5           6 - 160,0

     2 - 70,0           7 - 182,5

     3 - 92,5           8 - 205,5

     4 - 115,0          9 - 227,5 бұдан әрi мәтiн бойынша.


 
       2. "Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi

 

туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 


V950072_


  Нұсқаулықта:

     1) 3-тармақтағы "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық

есептеу көрсеткiшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2) 5-тармақ " жүргiзiледi" деген сөзден кейiн "көлiк құралдарының

тiркелген орыны бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

     3) III тарау мынадай мазмұндағы жаңа 27) тармақпен толықтырылсын:

     "27) мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар, сондай-ақ

коммерциялық емес ұйымдар кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын көлiк

құралдары бойынша";

     27) тармақ 28-тармақ болып есептелсiн.

     Қазақстан Республикасы

     Қаржы министрлiгi

     Бас салық инспекциясының бастығы







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады